Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Сын сағатта / Коменданттық сағат дегеніміз не?

Коменданттық сағат дегеніміз не?

Коменданттық сағат дегеніміз не?

Әлем елдері коронавирус пандемиясының алдын алу үшін Төтенше жағдай жариялап, карантин режиміне өтті. 

Індеттен өзгелерге қарағанда көп зардап шеккен Қытай, АҚШ, Италия және Испания секілді елдерде жоғарыда айтылған шаралардан бөлек коменданттық сағат белгіленген. Алдымен коменданттық сағаттың не екенін білейік. 

"Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысы" бойынша коменданттық сағатты енгізудің тәртібі бар. Ол тәртіп бойынша коменданттық сағат енгізілген кезде жергілікті жердің комендатурасы коменданттық сағаттың енгізілгені, арнайы берілген рұқсаттамаларсыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелер мен өзге де қоғамдық орындарда не тұрғын үйден тыс жерде болуға тыйым салынғаны, сондай-ақ коменданттық сағат қолданылатын кезеңде жеке және заңды тұлғаларға (көлік құралдары үшін) рұқсаттамалар беру тәртібі мен орны туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға дереу жеткізеді.

Рұқсаттамада адамның тегі, аты, әкесінің аты, рұқсаттаманың берілген күні, қолданылу мерзімі туралы ақпарат болуы тиіс. Рұқсаттаманы жергілікті жердің комендатурасы береді, ол жергілікті жер комендантының қолымен куәландырылады және қызмет көрсететін аумағында төтенше жағдай енгізілген ішкі істер органдары бөлінісінің елтаңбалы мөрінің бедерімен расталады. Рұқсаттамалар бірінші кезекте авариялық-құтқару, авариялық қызметтерге, тыныс-тіршілік объектілеріне қызмет көрсететін заңды тұлғаларға беріледі.

Коменданттық сағат ережелерiн бұзған азаматтарды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал жеке басын куәландыратын құжаттары өзiмен бiрге болмағандарды жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ iшкi iстер органы бастығының немесе орынбасарының шешiмi бойынша 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұстайды. Ұсталған адамдар және олардың өздерiмен бiрге болған заттары мен көлiк құралдары тексерiлуi мүмкiн.

Коменданттық сағат Төтенше жағдай кезінде тәртіп сақтау мақсатында енгізіледі. Ал бүгінде халықтың көшеде көп уақыт жүрмей коронавирустың таралуының алдын алу үшін қабылдануы мүмкін шара. 

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 27 наурыз, 20:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->