ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы жылдам өршіп барады

ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы жылдам өршіп барады

Covid-19 жаңа коронавирус пандемиясы әлемде бұрынғыдан да жылдам тарап бара жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус осылай мәлім етті.

"Алғашқы науқас анықталып,, олардың саны 100 мыңға жеткенше 67 күн өтті. 100 мыңнан 200 мыңға дейін - 11 күн, ал 300 мыңыншы оқиға төрт күннің ішінде тіркелді", - деді Гебрейесус Женевада өткен брифингіде.

Қазір инфекция әлемде 350 мыңнан астам науқастан табылған. Дүйсенбі таңертеңгі мәлімет бойынша, Covid-19-дан әлемде 15 мыңға жуық адам қайтыс болып, 100 мыңы сауығып кетті. Ең көп өлгендер - Италия (5,5 мыңға жуық) мен Қытайда (3 153 адам).

Испанияда коронавирус эпидемиясы басталғалы індетті жұқтырғандардың ең көп өлімі тіркелген. Кеше Covid-19-дан бұл елде 462 адам көз жұмды, бұл алдағы тәуліктегіден 26%-ға көп. Сонымен қатар жұқтырғандар да көп - 4 500.

inform.kz

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Команың қандай түрлері бар?
Команың қандай түрлері бар?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?