22 наурызда Алматы толықтай жабылады

Қазақстанның өзге облыстарында жүрген Алматы тұрғындарына үйіне оралу үшін үш күн берілді. Сондай-ақ осы уақыт ішінде облыс пен өзге өңір тұрғындары қаладан шығып үлгеру қажет. 22 наурыз күні Алматыда барлық әуе және теміржолдарды тоқтатады.

Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов арнайы брифингте мәлімдеді: 

"22 наурыз күні 00:00-ден бастап Алматыға бағытталған және Алматыдан шығатын барлық әуе және теміржол қозғалысы тоқтатылады", - деді ол.

Еске салайық, Алматыда карантин 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап енеді. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 36 адам коронавирус жұқтырған.