Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Сын сағатта / Болжам: Коронавирус 2021 жылға дейін жалғасады

Болжам: Коронавирус 2021 жылға дейін жалғасады

Болжам: Коронавирус 2021 жылға дейін жалғасады

Ұлыбританияның денсаулық сақтау саласының мамандары жаһанды жаулаған коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін жалғасып, Жер тұрғындарының 80%-на жұғады деп болжам жасады. Бұл туралы Independent Eagle басылымы мәлімдеді.

"Алдағы 12 айда әлем халқының 80%-на COVID-19 жұғып, 15% (7,9 миллион адам) ауруханаға жатқызылады", - делінген Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне арнап жасалған әдістемелік әрі зерттеу құжатында.

Біріккен Корольдіктің ғалымдары әлемдегі коронавирус ахуалы мен оны зерттеп, осындай тұжырымға келген. Қазірдің өзінде Ұлыбританиядағы науқастардың саны күннен күнге өсіп, мамыр айының соңы мен маусым айының басында шыңына жететін көрінеді.

Ұлыбританияда COVID-19 вирус жұқтырғандардың саны 1372-ге жетіп, оның 35 көз жұмған. Ел билігі 70 жастан асқан қарттарға 4 ай бойы үйлерінен шығуға тыйым салды. Ал әлем бойынша 143 мемлекетте 153 мың адам коронавирусты жұқтырған. Еліміздегі науқастардың саны – 9.

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: The Russian Times
Қосылған күні: 16 наурыз, 14:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.