Өз өміріңізді құрдымға кетірудің белгілері

Өз өміріңізді құрдымға кетірудің белгілері
Фото: lifedeeper.ru

Конфуций айтқандай: «Негізінде өмір тым қарапайым. Біз оны өзіміз қиындатып аламыз». Өкінішке орай, бұл – шындық. Тексеріңіз, сіздің өміріңізде мынадай «қиындықтар» бар ма?

Қорқынышыңызды жеңе алмайсыз
Кез келген адам әлсіздік танытатын кезі болады. Бірақ кейбіреулер бұл жағдайдан арыла алмайды. Өзін шешім қабылдай алмайтын адам екенін айтып не қорқыныш қалыпты сезім екенін жеткізіп ақталады. Ал қорқынышты жеңу үшін ешқандай әрекет істемеу қалыпты жағдай емес. Түбі жақсылыққа апармайды.

Жаңа өмір бастау үшін дүйсенбіні күтесіз
Жүгіруді бастау үшін де, диетаға отыру үшін де, жаңа әдетті қалыптастыру үшін дүйсенбіні күтесіз не келесі айда міндетті түрде бастаймын деп бірнеше жылдың қалай өтіп кеткенін де аңғармай қаласыз. Бір іске кірісуге әрдайым кедергі дайын тұрады. Мұндай әдеттен арылуды ертерек қолға алыңыз.

Өмірді күтумен өткізесіз
Бір жылдан кейін міндетті түрде бәрі өзгереді. Міне, аз уақыт өтсін, бақыт құсы жақындап қалды. Бұл ең көп тараған қателік – дәл қазіргі сәттен, тура сол жерден бақыт көре алмау. Қазір өмірдің ләззатын сезіне алмасаңыз, ертеңгі күн сізге қалай күліп келеді? Бір нәрсе ұнамай ма, дереу өзгерту керек, ол үшін әлденені күтудің қажеті жоқ.

Өзіңізді бағалауыңыз төмен
Сәл нәрсеге өзіңізді кінәлап, жаныңызды жегідей жейсіз. Барлығы ойдағыдай бола қалуы керек, әйтпесе бірден өзіңізді төмендетіп, қолыңыздан ештеңе келмейді деп сендіресіз. Бұлай құлдырай берсеңіз, сізді ешкім алға сүйрей алмайды.

Уақытпен санаспайсыз
Сол себептен тәулікте жиырма төрт-ақ сағат болуы сіздің сорыңыз секілді. Бұл уақыт аралығында ештеңе істеп үлгермейсіз. Мұндай адамдар әдетте тіпті тамақ ішіп, қиын күннен кейін демалуға да уақыт таппайды. Одан соң әрдайым шаршап жүру синдромына шалдығады.

Өткенмен өмір сүресіз
Сүйгеніңнен айырылу, достарыңмен араздасу, жақыныңнан қол үзу... Бұл өмірдің тосын сыйы таусылған ба?! Бірақ не болса да өтеді де, кетеді. Егер өкінішіңізді қайта-қайта еске алып, оның әсерінен өмір бойы шыға алмайтын болсаңыз, өзіңізді де, өзгелерді де қинай түсесіз.

Өзгелер не ойлайды деп алаңдаумен жүресіз
Егер біреу сізді күлкіге қалдырса не жайсыз жағдайға тап болсаңыз, «өзгелер мен туралы не ойлайды» деген ой жаныңызға тыныштық бермейді. Әр әрекетіңізді өзге адамдармен салыстырып отырасыз. Алайда бұл өмірде идеал жоқ. Бәрібір не істесеңіз де сізді жақсы көре алмайтын, сонымен қатар жек көре алмайтын адамдар да болады. Бұл жағдайға көндіге біліңіз.

@. @assel_assanova