Отанды қорғау – отбасыңды сүю

Отанды қорғау – отбасыңды сүю
Фото: asker.kz

Әрбір ел азаматы қолына қару алып соғысқа аттанып кетпесе де, елдің іргесі жау келе қалған жағдайда сақадай сай болуы керек. Себебі аяқ асты, іште жүріп ел арасына іріткі салатындар бар. Сондықтан Отанды қорғау үшін ең алдымен отбасыңды қырғидай қорғай білу керек. Бұл дегеніміз ата-анаңды, бауырлардыңды, қарындастарыңды өзгелердің жамандығынан сақтау деген сөз. 

Әскери патриоттық тәрбие ең бірінші осы отбасынан беріледі. Отбасындағы ең бірінші тәрбиелеуші ол – әке. Оның темірдей қатал тәртібі мен тәрбиесі сізді ертең үлкен азамат болып шығуға тәрбиелейді. Сол мектептен түлеп ұшып барып, сіз Отан алдындағы борышты өтеуге дайындаласыз. "Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі" дейтін сөз бар. Ер болып өскен әрбір азамат Отан алдындағы борышын атқару кезінде, отбасында алған тәрбиесін, көргенін жасайды. Ал ол үшін іштегі тәрбиелік маңызы бар қадамдар дұрыс жасалу керек.

Дәл қазір мылтықсыз майдан жүріп жатыр. Сондықтан біздің азаматтарымыз қай жағынан болмасын білімді әрі білікті, күшті, жігерлі, Отан үшін өздерінің қандай жауапкершілік арқалайтындықтарын сезіну керек. Осы жолда еліміздегі әскери орындарда, мектептер, жоғары оқу орындарында әскери патриоттық тәрбиенің мәнісі жайында түрлі дәрістер, сабақтар, арнайы жаттығулар мен сынақтар жүреді. Бұл дайындықтар ешқашан тоқтамайды. Себебі бейбіт өмір қанша жерден орнаса да, елдің іргесін берік ұстап тұру үшін өз елін сүйетін патриот жастар керек-ақ.

М. Ақан