Гладиаторлар: сіз олар туралы не білесіз?

Гладиаторлар: сіз олар туралы не білесіз?
Фото: www.pinterest.com

Голливуд фильмдеріне сусындап алған біздер «гладиаторлар» десе бірден дәл осы атаудағы батырлар туралы сюжеттерді еске аламыз. Бірақ кейде фильмнің адам қиялына құралатынын ұмытып кетеміз. Ендеше сіз бен біз болып ақиқат пен мифтің арасын ажыратып алайық. 

Барлық гладиаторлар тегінде құл болған 

Гладиатор сөзі қазіргі «қорғаушы», «күзетші» деген сөздердің тікелей баламасы. Алғаш бұл сөзді қолданушылар туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен бір түсінік бар. Олар өз қожайындарын қорғаушы және солардың жолында өз өмірлерін қорғаушылар деп суреттеледі. Тек кейін римдіктер бұл атауды көңіл көтеретін, адам жанын қатыгездікке тәрбиелейтін сөз ретінде бұрмалап жіберген. Айта кету керек, ең алғашқы гладиаторлардың жекпе-жегі ежелгі Римде біздің эрамызға дейінгі 264 жылы ұйымдастырылды. Оған бар жоғы үш жұп қана қатысқан. Траян патша біздің эрамызға дейінгі 107 жылы бес мың жұп гладиаторды шайқастырып, Рим тарихындағы қанға батқан күнді ұйымдастырған. 
Барлық гладиаторлар еркек болған ба? 

Бұл – жалған. Себебі қыздардың да арасында гладиаторлар болған. Бірақ Северус патшаның кезінде қыздардың қан майданда гладиатор ретінде соғысуына қатаң тыйым салынған. 

Басбармақ туралы миф 

Гладиаторлар туралы фильмдерді қараған кезде, патшаның басбармақты жоғары көтеруі кешірім бергені, ал төмен түсіргені өлім дегенді білдірген. Бұл – жалған. Бұл тек француз жазушысы Жан – Леон Жеромның шығармасында кездесетін кездейсоқ шығарма бойындағы сюжетке байланысты туындаған. Анығында бұл дәстүр бар. Бірақ басбармақ емес, алақан арқылы шешілген. Яғни ашық алақан кешірімді, жұмылған жұдырық өлімді білдірген. 
Гладиаторлар туралы тағы бір миф

Екі жақты жекпе-жек кезінде жеңіске жеткен гладиатор өз еркімен қарсыласын өлтіріп, халықтың ықыласына бөлінген. Бұл – жалған. Қандай жағдай болмасын, жеңген адам патшаның үкімін күтеді. Оның айтқаны заң болып есептелген. Ал бұған бағынбағандарды өлім жазасына кесіп отырған. 

Гладиаторлардың бәріне құл секілді қарау – миф 

Гладиаторлардың тегінде құл болып келетіні анық. Бірақ 3-4 жекпе-жек кезінде тұрақты түрде жеңіске жеткен гладиаторлар еркіндік алған. Бірақ бұл толыққанды еркіндік емес. Тек көшеде серуендеуге, демалуға, қыздармен қыдыруға мүмкіндік ала алған. 

М. Ақан