Жедел жәрдем кімдерге тегін көмек көрсетеді?

Жедел жәрдем кімдерге тегін көмек көрсетеді?
Фото: don24.ru

Жедел кейінге қалдырылмайтын көмек ем белгілемейді, бұл қызметтің қызметкерлері емделушіні қарайды, нұсқаулар береді немесе адам шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет еткен жағдайда оны жеткізеді. 

Жедел медициналық көмек (ЖМК) келесі жағдайларда шақырылады: 

— қайғылы жағдайлар, жарақаттар немесе уланулар 
— науқастың немесе оның айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін аурудың асқынуы 
— босану немесе жүктілік кезіндегі асқынулар 
— өткір қан тамыры синдромы. 

Бұл жағдайларда шұғыл түрде жедел медициналық көмек қызметіне хабарласу қажет. 

Сондай-ақ, бұдан бөлек, ЖМКҚ қызметкерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының айтуы бойынша шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастарды тасымалдауды жүзеге асырады. 

Жедел медициналық көмек ҚР азаматтарына, аумағындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін көрсетіледі. 

ЖМК қызметінің мамандары үйге келесі жағдайларда барады: 

— амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жұмыс уақытында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж емес науқастың үйіне 
— емдеуші дәрігер белгілеген ем-шараларды орындауға 
— шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін жоспарлы науқастарды тасымалдауға 
— сот-наркологиялық және басқа да медициналық сараптама түрлерін өткізуге 
— медициналық ұйымдарға консультативті көмек көрсетуге 
— науқасты стационардан үйіне жеткізуге 
— түрлі аурулардың белгіленген емі манипуляциясын орындау кезіндегі (бұлшық етке, көктамыр ішіне инъекциялар) созылмалы аурулар жағдайында науқас медициналық көмек үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінуі қажет. 

Жедел медициналық көмек қызметіне азаматтардың жүгіну ережелері: 

№ 1 ереже 

Хабарласқан адам науқастың нақты мекен-жайын, кіретін есіктің кодын айтуы, сондай-ақ үйге қалай тез жетуге болатынын түсіндіруге міндетті. Бұдан бөлек, қажетті бейін: кардиологиялық, педиатриялық, сызықтық және т.б. бригадасының келу жылдамдығына жедел медициналық көмек қызметкерлерінің науқас туралы қойған сұрақтарына мүмкіндігінше дәлірек жауап беру де әсер етеді. 

№ 2 ереже 

Диспетчермен сөйлескен соң, бірнеше минуттан кейін пәтердегі адамдардың бірі, әрине, жағдайы келсе ғана, сыртқа шығып, жедел медициналық көмек қызметкерлерін күтіп алуы керек. Бұл әрекеттерді, әсіресе, кешкі және түнгі уақытта орындаған жөн. Себебі, біріншіден, олар бригаданың келуін тездетеді, ал екіншіден, арасында көбінесе әйелдер болатын ЖМК қызметкерлерінің қауіпсіздігінің кепілі болады. 

№ 3 ереже 

Межелі жерге келген жедел медициналық көмек қызметкерлеріне жұмыс істеуге жағдай жасау қажет, себебі олардың тиімділігі де осыған байланысты. 

Бірінші кезекте науқасты өзгелерден оқшаулау керек. Содан кейін жедел медициналық көмекке жүгінген себептерді нақты айту, сондай-ақ ЖМК бригадасы келгенге дейінгі науқастың шағымдары мен жағдайын хабарлау қажет. 

Бұдан бөлек, егер науқас созылмалы аурулармен ауыратын болса, онда ауру динамикасы көрсетілген қолдағы бар құжаттарды: емханалық амбулаторлық карта, сырқатнамадағы көшірме, кардиограммалар және т.б. алдын ала дайындап, бригада келгенде дәрігерге беру керек. 

№ 4 ереже 

Науқасты ауруханаға жатқызу жағдайында туыс немесе таныс адамдарынан тек біреуіне ғана оның жанында болуға рұқсат етіледі.

Дереккөз: www.weproject.kz

Ж. Жұмағұлов