Аяқ киімдегі шуаш иісін кетірудің оңай жолы

Аяқ киімдегі шуаш иісін кетірудің оңай жолы
Фото: yandex.ru

Көктем келіп күн жылынды. Енді аяқ терлейтіні айтпаса да түсінікті. Аяқ киімнен шуаштың жағымсыз иісі шығып, біраз адамды әуреге салатыны белгілі. Әсіресе ерлер қауымы аяқтан шыққан жағымсыз иістен арыла алмай дал болады.

Ендеше шуашты кетірудің қарапайым ғана жолын ұсынбақпыз. Ол үшін сізге бар болғаны қалташа шайдың төрт данасы ғана керек.

Аяқ киімнің бір сыңарына екі қалташа, екіншісіне екі қалташа салып, бір тәулік құрғақ жерге қойып қойыңыз. Суық жерге қойсаңыз тіпті жақсы.

Шуаш дегеніміз не? Бұл кәдімгі күн жылыда шығатын бактерия. Аяқ терлейді де аяқ киімнің матасымен бірге үйкеліп, ылғалданады. Шуаш содан шығады. Ал таза шай абсорбент сияқты жағымсыз иісті сорып алады да, орнына шайдың жағымды иісі сіңеді.

Шайдың иісін аяқ киімнің матасы сіңдіріп алады да шуаш содан жоғалып кетеді.

Аса қиын емес тәсіл. Сондықтан жиі қолданып тұрсаңыз болады.

Қ. Слямбек