БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған галстук

Атақты Hermes сән үйі Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдық мерейтойына арнап жаңа галстук үлгісін сатылымға шығарды.

Аталған сән үйінің дизайнерлері бұл аксессуардың карантин жағдайында Zoom арқылы жүргізілетін ресми кездесулерді әрлей түсетінін айтады. Ұйым мүшелеріне арнап тігілген классикалық үлгідегі галстукты өзгелер де сатып ала алады.

Аксессуар H Marin дизайны бойынша безендіріліп, бетіне Hermès Paris for UN75 жазуы мен мерейтойлық логотип кестеленген. Түсінің өзі UN blue аталады.

Галстук саны шектеулі. Оны брендтің Нью-Йорктегі бутиктерінен немесе онлайн тапсырыс беру арқылы алуға болады. Аксессуар құны – $195.