Жазғы ерлер гардеробы: 9 басты киім

Жазғы ерлер гардеробы: 9 басты киім
Фото: medny.ru

Ерлер гардеробы әйелдердікіне қарағанда трендке аз әсер береді. Алайда соңғы кездері ерлер гардеробында да өзгерістер сезілгені анық. Себебі соңғы жылдары ерлер киімінде ашық түстер жиі кездесуде. Бірақ стильге және сәнге аса мән берудің қажеті жоқ. Әрқашан бірінші орында немен шұғылданатыныңыз және қалай өмір сүретініңіз тұруы керек. Стиль – қосымша элемент. Қалай десек те, жаз мезгілінде қажет болатын базалық киімдер туралы біле жүрген артық етпейді.

Жеңіл жакет

Жеңіл жакет – жазға арналған әмбебап киім. Жұқа зығыр матадан тігілген және ашық түсті үлгілеріне көз салыңыз. Оны джинс шалбарымен, жазғы классикалық шалбармен және шолақ шалбармен (шорты) үйлестіруге болады.

Поло

Поло – жазда қажетті киімдердің бірі. Оның үлгісінде тұрған ештеңе жоқ, себебі ол жылы мерзімде әрқашан сәнде болады. Сән оның түсіне таралады. Биыл қанық түстерді таңдаған жөн. Мысалы: көк, қызыл және т.б. Фломастер қаптамасында көрсетілетіндей түстер сәнде болмақ.

Кроссовка

Түрлі түсті, бірақ өте ашық емес түріне мән беріңіз. Қазір түрлі түсті элементтері бар ыңғайлы кроссовкалар сұраныста. Бір түсті (мысалы, ақ) қарапайым кроссовкаңыз болса, түрлі түсті артық бау сатып алып, арасында алмастырып тағуға болады.

Гавайлық принті бар жейде

Гавай принті бар жейде – 2018 жылғы жаз мезгілінің хиті. Бұл принттің әртүрлі түстері ұсынылған. Сондықтан оны өзіңіздің түс типіңізге немесе типажыңызға байланысты таңдауға болады.

Әдемі шолақ шалбар

Бос тұратын, зығыр матадан тігілген жеңіл үлгілерінен бастап ұзартылған, қыры сынған шолақ шалбарларға дейінгі түрлері жаз мезгілінде кең таралады. Мұндай шолақ шалбарды поломен, ашық принтті жейдемен немесе кез келген күнделікті қарапайым футболкалармен киюге болады.

Джинс күрткесі

Жазда күн ыстық болғандықтан, жалпы киімдердің ашық түстері таңдалады. Сол секілді джинс күрткесінің де ашық түсті және кең тұратын түріне көз салған жөн. Биылғы трендте жапсырма қалталар мен сыдырма ілгек болады. Джинс күртесінің қандай түрін таңдасаңыз да оны кэжуал стильге қосымша ретінде киген жөн.

Спорттық күртке

Ерлер гардеробында міндетті түрде спорттық киім болуы тиіс. Өзіңізге ыңғайлы түрін таңдауға тырысыңыз.

Әдемі рюкзак

Әдемі пішінді кэжуал үлгі әмбебап болып табылады. Егер гардеробыңызда мұндай рюкзак болмаса, ойланып көріңіз. Оның бәсеңдетілген түстеріне мән беріңіз. Мысалы: қою көк, бөтелкелі жасыл, қою қызыл.

«Чинос» шалбары

Джинс шалбарына қарағанда жаз мезгіліне «чинос» шалбарлары жақсы келеді. Себебі оның матасы жұқа және классикалық үлгімен жақсы үйлесім табады.

А. Жапатова