Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Стиль / Ерлер сәні: қысқы аяқ киімдер

Ерлер сәні: қысқы аяқ киімдер

Ерлер сәні: қысқы аяқ киімдер

Қысқы киім үлгісінің негізгі құраушысы – етік. Ол ыңғайлы әрі жылы болуы керек. Қазіргі кең таралған етіктердің көпшілігін гардеробтың басқа заттарымен үйлестіре отырып, кез келген стильде киюге болады. Ендеше, стильді әрі ыңғайлы 7 етік түрін ұсынамыз.

Timberland

«Тимберленд» – кэжуал стиліне сай келетін әмбебап аяқ киім түрі. Бұл аяқ киім түрі парка күрткелерімен, көлемді свитерлермен және джинс шалбарларымен жақсы үйлесім табады. Тимберленд аяқ киімін классикалық киіммен де үйлестіруге болады. Ол кезде үстіңізге бір түсті киімдермен киген жөн.

Челси

Бұл аяқ киім түрі классикалық шалбар түрлеріне жақсы келеді. Шалбардың қысқартылған түрін таңдап, ол етіктің жоғарғы 5 см бөлігін ғана жауып тұрса, әдемі көрінеді. Челсиді джинс шалбарымен де киюге болады. Бірақ оның да қысқартылған түрі болған жөн. Онымен балағы қайырылған шалбарлар жараса бермейді.

Кроссовка

Заманауи технология кроссовканы қыста да киюге мүмкіндік береді. Табаны қалың және күдері матасы тығыз болса,оны қыстың жылы күндері қорықпай кие беруге болады.

Броги

Мұндай аяқ киім тесіктерінің (перфорация) арқасында тұрпайы көрінбейді. Броги жіңішке классикалық жүн шалбарлармен жақсы үйлеседі. Қазіргі трендтің бірі – брогиді джинс шалбарымен және түрлі түсті жүнді шұлықпен кию.  

Moc toe

Moc toe – соңғы бірнеше мерзім қатарынан сәнде келе жатырған аяқ киім түрі. Бастапқыда бұл үлгі жұмысшыларға арналып жасалған. Етіктің тігісі оны жинақы көрсетеді. Moc toe – кэжуал стиліне арналған жақсы идея. Ол тимберлендке қарағанда жинақы көрінгенімен, оның барлық үлгілері бірдей жылы емес. Көпқабатты боялған үлгілеріне мән беріңіз, олар әдемі ескіреді. Жіңішке шалбарды мұндай аяқ киімнің ішіне салып киюге болады.

Desert boots

Жылы «дезерттер» – тағы бір қысқы классика. Оның күдеріден жасалған түрі әдемі көрінеді. Егер әмбебап үлгіні қаласаңыз, сарғыш түсін таңдаған жөн.

Бауы бар қонышы биік бәтеңке

Мұндай аяқ киім классикалық шалбармен де джинс шалбарымен де жақсы үйлесім табады. Оның қоңыр және қара түсін таңдауға болады. Бірақ қоңыр күдері түрі ерекше әрі әдемі көрінеді.

Сізге қай аяқ киім түрі ұнады?

2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: medny.ru
Қосылған күні: 02 ақпан 2018, 15:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.