Ең стильді жігіттер анықталды

Ең стильді жігіттер анықталды
Фото: vk.com

GQ ер адамдар журналы әр жылдың аяғында аса талғампаз әрі стильді жігіттерді анықтайды. Әрине, бұл рейтинг олардың киіну мәнеріне ғана қатысты іріктеледі. Ал, жылдың басты кейіпкерлерін таңдау құқығы сән әлемінің диктаторлары Томми Хилфигер, Пол Смит, Майкл Корс, Кристофер Бейли мен Джорджо Арманиге бұйырды.

Алдымен "талғамсыздар" тізімін атап өтейік. Мұндай "құрметке" актер Кит Харингтон, Пол Мертон, блогер Shmee150 мен британдық саясатшы Джакоб Рис-Могг, музыкант Моррисси, миллиардер Илон Маск ие болды.

Топ-8 ең стильді жігіттер тізімін британдық актер Мэтт Смит бастады. Сондай-ақ, Смит аталған журналдың қаңтар айындағы шығарылымының мұқабасына шығады. Екінші саты рэпер A$AP Rocky-ге бұйырды. Алғашқы үштікті 65 жасар актер Джефф Голдблюм аяқтады. GQ журналы бойынша "Топ-8 ең стильді жігіттер" тізімі мынадай:

1. Мэтт Смит

2. A$AP Rocky

3. Джефф Голдблюм

4. Гарри Стайлс

5. Эндрю Гарфилд

6. Скепта

7. Риз Ахмед

8. Райан Рейнольдс

Тізімді анықтауға сән әлемімен тығыз байланысты журнал ұжымы мен өзге де танымал дизайнерлер ат салысқанымен, бұл рейтингке келіспеуге де болатын сияқты. Сіз қалай ойлайсыз? 

А. Оралқызы