2017 жылдың ең сымбатты жігіті анықталды

2017 жылдың ең сымбатты жігіті анықталды
Фото: gq.ru

Әлем арулары секілді жігіттер арасында да арнайы бақ пен бап шабатын бәйгелер ұйымдастырлымаса да, дүниежүзілік басылымдар өздері іштей қоғамдық үрдіске қарап, ең сымбатты жігіттерді анықтайды. Ендеше 2017 жылдың ең сымбатты жігіті кім? 

ММА десе бірден есіңізге кім түсері анық. Әрине ол – Конор Макгрегор. Ережесіз жекпе-жектен өзіне керек барлық белдікті алған, чемпион, ирландиялық азаматтың 2017 жылдың ең сымбатты жігіті болуына әбден лайық екенін суреттерден байқай аласыз. 

Конор Макгрегор үшін өмірде екі нәрсе маңызды: біріншісі, өзіне сай әрі іш пысырмайтын қарсылас табу болса, екіншісі, қоғамдық ортада өзін лайық ұстау қасиеті. Міне осы екі негізгі бағынған жеңімпаздың әр кезеңге, әр мезгілге, тіпті таңертең және кешке түрлі киімдермен құлпырып жүруі осыдан болар. Айта кету керек, Конор Макгрегорға осы сында қарсылас болған адам – Дэвид Бекхэм. Бірақ дауыс беру мен абыройы жағынан ММА чемпионы алдыға шықты. 

М. Ақан