Жігіттердің киім үлгісіне қойылатын 8 сұрақ

Жігіттердің киім үлгісіне қойылатын 8 сұрақ
Фото: rebloggy.com

Киім үлгісіне келген кезде жігіттердің де өзіне тән киіну ерекшеліктері бар. Яғни қыз баласына тән кейбір таңдаулар мен киіну әдебі де жігіттер үшін сақталған. Сіздерге бүгін сол киім үлгісіндегі ең маңызды сегіз сұраққа жауап береміз. 

1. Не үшін пиджактың ең төменгі түймесін тағуға болмайды? 

Осы уақытқай дейін дәл осы сұраққа көптеген түсініктер берілді. Бүгін нақты бір нүктесін қойғымыз келіп отыр. Жігіттердің пиджактағы ең төменгі түймесін тақпау кеше пайда болған ұғым емес. Ағылшын патшасы Генри VIII кезінен бастап тәртіпке енген бұл үлгі, қазірге кезде жаппай белең алған. Тіпті сол кездің өзінен бастап бұлай жасау еуропалық аристократтардың ерекшелігін көрсеткен. 

2. Не үшін қызыл мокаси күлкілі көрінеді? 

«Қыздың көзі қызылда» дейтін сөз бар. Осы сөзге мән берсек, жігіттердің қызыл киім киюі әрине қоғамда ерсі көрінеді. Әсіресі біздің елде. Дегенмен қызыл мокаси кию күлкілі көрінгенімен, оның анық құнын естісеңіз күлмеуіңіз де мүмкін. Себебі оны қымбат италияндық джинси, қымбат қызыл түсті Ferrari көлігін тізігіндейтіндер киеді. Ал күлкілі болатын себебі қазір оның сапасыз түрі де бар. Сондықтан сапалы дүние киіңіз. Сапасыз нәрсе әрқашан ерсі көрінеді. 

3. Не үшін Chanel киімдері жігіттерге арналмаған? 

Әлемдегі ең керемет киім үлгісін жасаушы Chanel қорында шынымен-ақ жігіттерге арналған киімдер жоқ. Бірақ бұл мүлде ол жерде жігіттерге арналған бұйымдар шықпайды деген сөз емес. Онда талғамға қарай аксессуарлар мен әтірлер бар. 

4. Hermes сөзін қалай оқу керек? 
[Er-mez]. 

5. Галустктің ұзындығы қанша болу керек ? 

Классикалық үлгіде алатын болсақ, мойныңызға таққан галустук ұзындығы белдікке жетпеуі немесе онымен бірдей болуы керек. Ал қазіргі үлгіге сай италияндық брендетер ұсынып отырған үлгіде мұның маңыздылығы жоқ. Яғни бірде тым қысқа, бірде тым ұзын болуы да ғажап емес. 

6. Галустук-бабочканы қай кезде таққан дұрыс? 

Бұл өте маңызды сұрақ. Себебі біз кез келген сәтте галустукпен қоса бабочканы да тағып жүре береміз. Бұл дұрыс емес. Себебі бабочка арнайы кештер мен үлкен тойларға барғанда ғана тағуға арналған. Ұмытпаңыз! 

7. Сандалимен шұлық киген дұрыс па? 

Әрине дұрыс емес. 
Сандалимен шұлық кию қазіргі киім кию үлгісінен қалыс қалған түр. Бірақ соңғы кездері мұны қоғамда қайта қарастырып жатыр. Яғни киіп жүретіндердің қатары көп деген сөз. Оған талғампаздар «постмодернистік ирония» деп баға береді. 

8. Пальто киген кезде күләпараны сыртқа шығарып киген дұрыс па? 

Жалпы бұл өзіндік бір киім үлгісі болмаса, дәл осылай киінудің қажеті жоқ. Себебі күләпара, яғни киімнің жағасына қосымша жалғасқан бас киімі ретіндегі бөлік пальтоның сәнін кетіреді. Әрине талғам сізде. Тоңып қаламын немесе маған осылай ұнайды десеңіз, киіңіз. 

М. Ақан