ХХІ ғасырдың жігітіне тән киіну үлгісі

ХХІ ғасырдың жігітіне тән киіну үлгісі
Фото: intermoda.ru

Тек қыз баласы ғана өзіне қарап, сәнденбейді. Ер адамға сәнденбесе де, өзіне қарап, ұқыпты жүргені жақсы. Бұл қазіргі ХХІ ғасырдың талабына сай жүру деп аталады.

Жейденің жеңін дұрыс түріңіз

Кез келген жағалы жейденің жеңін білектен жоғары көтеріп, шынтақты көрсететіндей түрмеңіз. Шынтаққа сәл жетпейтін ара қашықтық сақтап түріңіз. Бұл ерлердің қазіргі сәні.

Чемоданға зат сала біліңіз

Сүйіктіңіз әрдайым қасыңыздан табыла бермейді. Себебі жұмыс бабымен жалғыз өзіңізге шет елге шығуға тура келеді. Сол кезде чемоданды ұқыпты әрі ретті етіп жинай біліңіз. Әр затты жұқа қағазға орап салыңыз. Бұл заттың бұзылмауына және жинақы тұруына кепілдік.

Аяқ киімді дұрыс таңдай біліңіз

Өзіңізді нағы осы ғасырдың азаматы деп танысаңыз, сән маңызды болса, онда аяқ киімді дұрыс таңдай біліңіз. Әлеуметтік топтарда түрлі парақшалар бар. Онда аяқ киімнің түрлері мен қалай кию керек екені туралы ақпараттар бар. Соларды өзіңізге сақтап қойыңыз.

Теріден жасалған киімдерді алыңыз

Тері кез келген жерде, кез келген жағдайда ерекше көрінеді. Сізді бай қылып көрсете алады. Талғамды көрсетеді. Осы себепке ғана байланысты емес, ол ұзақ уақытқа шыдайды.

Аяқ киімге күтім керек

Шаң басқан аяқ киіммен жүрмеңіз. Қалтаңызға аяқ киім сүртуге арналған шүберек алып жүріңіз. Бұл міндетті түрде. Шаң басқан жағдайда сүртіп тұрыңыз. Дайын өнім түріндегі сықпа майларды пайланабаңыз. Қыспа майларды арнайы сүрткішпен қолданып, аяқ киімді түнде дайындап қойыңыз.

М. Ақан