Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Стиль / Тест: Стиліңіз қандай?

Тест: Стиліңіз қандай?

Тест: Стиліңіз қандай?

Біз қойған сұрақтарға жауап беріп, сәйкес нұсқадағы ұпайлар санын қосып есептеңіз.

Стильді адам өзі қалыптастыра ма әлде мамандар кеңесіне жүгінген жөн бе?

А) өз стилін таңдай алмаса, бұл іске кіріспегені дұрыс – 3

Ә) шын қаласа, кез келген адам өз стилін қалыптастыра алады – 0

Б) қиялы мен ойы жетпесе, мамандар көмегіне сүйенгені абзал – 2

В) мамандар кеңесі де дұрыс, дегенмен өз стилімді өзім таңдағым келеді – 1

Адам имиджін толығымен өзгерту үшін неден бастауы шарт?

А) шаш үлгісін өзгерту – 1

Ә) киім стилін ауыстыру – 2

Б) денеге татуировка салғызу – 0

В) құлақ тесу – 3

Джинсы ешқашан сәннен кетпейді. Осы сөзбен келісесіз бе?

А) Олай болмағаны жақсы – 1

Ә) мүмкін – 2

Б) әрине – 0

В) келісемін – 3

Бет орамалды қай қалтаға саласыз?

А) ол маған қажет емес – 3

Ә) пенжактың қалтасына саламын – 1

Б) джинсы қалтасына салып жүремін – 0

В) пенжак қалтасына сәндік бет орамалды саламын, ал пайдаланатын бет орамалды шалбардың қалтасына саламын – 2

Авангард стилінде киінетін жігітте қандай қасиет болады деп ойлайсыз?

А) талғамсыздық – 1

Ә) қалжыңбастық – 3

Б) батылдық және ақымақтық – 0

В) тәуекелшілдік – 2

Шоппинг дегеніміз

А) өзгелерден ерекше киіну үшін барамын – 2

Ә) қыздарға ғана тән ермек – 0

Б) дүкен араламай, кездескенін ала саламын – 3

В) интернет арқылы тапсырыс беріп сатып алу оңай – 1

Сақал өсірсеңіз, қалай қояр едіңіз?

А) қысқа ғана шоқша сақал (эспаньолка) қояр едім – 2

Ә) қалай өсетініне байланысты – 3

Б) қысқа етіп қоямын – 1

В) жиегін қырып, ретке келтіріп жүремін – 0

Нағыз ер азаматта неше галстук болуы керек?

А) 10 галстуктан кем болмауы тиіс – 1

Ә) саны маңызды емес – 3

Б) тек галстук емес, мойын орамалдары, көбелекшелер көп болғаны жақсы – 2

В) атаулы күндерде ғана тағатын 3-4 галстук жетеді – 0

Шаршы өрнектері бар жейде ұнай ма?

А) тек үйде киюге болады – 1

Ә) көңіл күйім жоғары кезде киемін – 3

Б) ұнамайды – 2

В) менің жейдем ғой – 0

Жігіттің жүзік тағуына қалай қарайсыз?

А) қолдамаймын – 3

Ә) асыл тастары жоқ, қарапайым түрін тағуға болады – 0

Б) келісемін – 2

В) негізінен әйелдерге тән, бірақ онда тұрған ештеңе жоқ – 1

Дүкеннен керемет кроссовка көрдіңіз...

А) спорттық аяқ киімге қызықпаймын – 2

Ә) қуана сатып аламын – 0

Б) менде спорттық аяқ киімдер бар – 1

В) қатты ұнаса ғана аламын – 3

Галстукті және костюм түймесін босатып тағасыз ба?

А) жоқ – 1

Ә) иә – 0

Б) үнемі солай жүремін – 3

В) Бұл классикадан сәл деалшақтауға көмектеседі – 2

Бастығыңыз "қызметке сай киін" деп ескерту жасаса?

А) бұл шартты қинала орындаймын – 2

Ә) уақыт өте келе үйренісемін – 1

Б) бастығым дұрыс айтады – 0

В) ешкімді тыңдағым келмейді – 3

Тері, былғары материалдарынан жасалған киімге қалай қарайсыз?

А) күртешелерді ғана киюге болады – 0

Ә) ұнатпаймын – 1

Б) иә, ұнайды – 3

В) былғары жейде мен шалбар өте ұнайды – 2

Стиліңізге сай киіну үшін қанша қаражат жұмсайсыз?

А) тым аз – 1

Ә) көңіл-күйіме байланысты ала беремін – 3

Б) жалақымның үштен бір бөлігі – 2

В) әр кезде әр түрлі – 0

Жауаптары:

0-14 ұпай

Ер жігітке лайық емес киімдерден бойыңызды аулақ саласыз, киім-кешек ыңғайлы болуына баса мән бересіз. Жұмысына сай қатаң стильмен жүретіндерді түсінбейсіз. Спортпен айналысқанды жақсы көретіндіктен, күнделікті киіміңіз соған сәйкес. Бірақ спортсүйер жігіттерге қарағанда, костюм киген классикалық стильдегі жігіттер ел назарында болатынын естен шығармаңыз.

15-29 ұпай 

Сіздің стиліңіз – классика. Мінезіңіз де соған сай салмақты, өзіңіз парасатты жансыз. Осындай стильмен жүргенде кез келген іске бел шешіп кірісе аласыз.

30-40 ұпай

Сырт келбетіңіз ірі болғанымен, жүрегіңіз сезімтал. Киім таңдағанда да кең балақты шалбарларды, барқыт матадан тігілген жейделері, етек-жеңі желбіреп тұратын киімдерді қолай көресіз. Басқалар сізге қарап қыздар секілді киінеді деп ойлауы мүмкін, өзіңіз де өзіңізді сырттай бақылап көріңіз. 

41 ұпайдан көп

Сіз үшін киім – денені жауып тұратын қарапайым мата. Стиль атауы туралы мүлде ойыңызға алмайсыз.

Ал сіздің стиліңіз қандай?

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: amur.kz
Қосылған күні: 15 мамыр 2017, 12:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.