Соңғы 150 жылда крассовка қалай өзгерді?

Соңғы 150 жылда крассовка қалай өзгерді?
Фото: www.minipedia.org.ua

Аяғымызға киетін аяқ киімдердің ең ыңғайлысы – крассовка. Таңғы және кешкі жаттығу барысында, сондай-ақ жұмысқа кимесеңіз де, басқа тығыз шаруаларыңыз шыға қалған жағдайда крассовка киетініңіз белгілі жайт. Осы бір аяқ киімді кимейтін жан жоқ шығар, бәлкім. Көшеге шыға қалсаңыз кім-кімнің де аяғынан көресіз. Ал осы крассовка соңғы 150 жылда қалай өзгерді? Спорттық аяқ киімнің эволюциясына көз жүгіртіп көрейікші.

19 ғасырдың ортасындағы спорттық аяқ киімдер осындай болған. Спортшылар Thomas Dutton мен Thorowgood маркалы крассовкалармен жүгірген. 

Converse фирмасынан шыққан All Star моделіндегі кедыға биыл тұп-тура 100 жыл толды. 

Бұл аяқ киімдер өткен ғасырдың 20-шы жылдарында әйелдер сәніндегі спорттық стильдің салтанаты. Суретте: өкшелі (каблук) крассовкалар. 

Waitzer – өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы Адидастың бір түрі. Суретте: adidas AG

Gripper моделіндегі Converse кеды 50-60 жылдары осы тектес болған. 

Waffle Trainer деген Nike образындағы жеңіл ісіңкі крассовкалар 1974 жылы. 

Спорттық аяқ киімдер тарихындағы ең танымалы – Adidas-тық Superstar крассовкасы. Бұл крассовкалар алғаш 1969 жылы шыққан болатын. Ал ол 1986 жылы Run-D.M.C. рэп-тобының арқасында супер танымалдыққа ие болды. 

Стэн Смиттің Adidas-қа арналған жобасы 20 ғасырдың 80-ші жылдарында шыққан. 

 Adidas-тан шыққан Micropacer үлгісі. 1984 жылғы спорттық үлгі.

1985 жылы Nike фирмасынан шыққан Air Jordan сериясының алғашқы үлгілері.  

1988 жылғы Nike Air Jordan III маркалы крассовка. 

Foamposite атты Nike үлгісінің прототипі. 1997 жыл. 

Көк түсті тұпнұсқалы Nike x Supreme крассовкасы. Dunk High Pro SB. 2002 жыл. 

Крассовканың артқы жағы да дизайнерлік үлгіде бола алады. Америкалық Common Projects маркалы Achilles үлгісіндегі спорттық аяқ киім. 2004 жыл.

Жоғары деңгейлі крассовка: Рэпер Канье Уэсттің «Don» жобасы аясындағы Louis Vuitton маркалы спорттық аяқ киімі. 2009 жыл. Бағасы – 1140 доллар. 

2011 жылы белгілі актер Том Харди жобалаған Poworama немесе комикс түріндегі крассовка. 

Nike фирмасына арналған Том Закстың тәжірибе ретіндегі жобасы. Айғыз-айғыз әрі мыжылған крассовкалар дизайнердің гардеробынан табылды. 2012 жыл.

Ал мынау соңғы UNDFTD x Puma Clyde «Gametime» 24K Gold үлгісіндегі крассовка. 2012 жыл. 

Ж. Жұмағұлов