16 жастағы қазақ Тайландтағы байқауда 1-орын алды

16 жастағы қазақ Тайландтағы байқауда 1-орын алды
Фото: kaz.tengrinews.kz

16 жастағы Сүлеймен Сұлтанов Таиландта өткен Mister Teen International 2016 байқауында 1-орын иеленді.

Сонымен қатар, ол дарындылар байқауында өзінің домбыра тартудағы өнерін де көрсетті. Бұл байқауға ол "Қазақстанның жас мырзасы-2016" жүлдесін иеленген соң қатысып отыр екен.

"Мен көп тырыстым және бұл бекер емес. Бұл Таиландта өткен ең тамаша күндер болды. Әрине, байқау халықаралық деңгейде өткізіліп жатқандықтан қиын болды. Барлық қатысушы мықты, әрқайсысының қымбат ұлттық киімдері бар. Барлығы жақсы ән айта алады, билей алады. Осылайша 56 елдің қатысуымен өткен байқауда жеңіске жеттік", - деді Сүлеймен Сұлтанов.

Айта кетейік, Junior Mister International 2016 ("Кішкентай мырза")  номинациясындағы 1-орынды қазақстандық Алмаз Қадыров иеленді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы