Футболка жайлы не білесіз?

Футболка жайлы не білесіз?
Фото: xxl.ua

Жігіттер мен арулардың гардеробында қатар жүретін футболканы ұнатпайтындар жоқ шығар. Спорттық киім үлгісімен де, джинсымен де және өзге де сәнді киімдермен тамаша үйлесім табатын өте жеңіл киімге барлық жұрт құмартады. Қоғамда рөлі ерекше киімнің қалай пайда болғаны туралы білесіз бе? Білмесеңіз, айтып өтейк.

1913 жылы ең алғаш жеңсіз киім теңіз әскерінде (моряк) болған. Сарбаздардың жұмыс істеуіне жеңі ұзын жейделер ыңғайсыз болғандықтан, әскери киім тігушілер осындай жаңа киім ойлап шығарған. Бірінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында ең бірінші Америка сарбаздарының үстінен көрінген киімге қызыққан жан көп болған. Футболкаға ие болған өзге елдің сарбаздары ұқыпты жинап, күнделікті тұрмыста пайдалануға көше бастаған. Мұндай киім спорттық үлгіге жатқанымен, мейрамханалар мен театрларға, тіпті жұмысқа да сәнді етіп киюге болады. 

Бүгінгі таңда түрлі суреті бар футболкалармен бірге өзіңіз ұнатқан суретті арнайы бейнелеп беретін орындар да жетерлік. Футболканың тағы бір ерекшелігі, адам көңіл күйіне байланысты түсін таңдап киеді. Мысалы көңіл күйі жоқ жандар қара, қоңыр бір сөзбен айтқанда түнерген түстермен көп жүреді. Ал, таңертең жақсы жаңалық естіп, болмаса көңілді жерлерге баратын жандар жасыл, көк, ақ сында ашық түстерді киеді.

Футболка арнайы базарлар мен дүкендерден бөлек, ең қымбаты сатылымға да шығады. Мысалы қазіргі уақытқа дейін ең қымбат сатылған футболка Джон Леннондікі. Алдында "Home" деген жазуы бар жеңі жоқ киім үшін $16400 төленген.  Тағы бір айта кетерлік жайт, 1977 жылы "I Love NY" (Мен Нью Йоркті жақсы көремін) деген жазуы бар футболка әлі күнге дейін өз биігінен төмендеген емес.

B. ZHAQSYMBET