Еліміздің ең сымбатты бойдақтары

Еліміздің ең сымбатты бойдақтары
Фото: Николай Киреев, жеке архив

Халық алдында жүрген жас жігіттер бар уақытын мақсатқа жетуге арнайтыны сөзсіз. Еңбек пен мақсатқа талпынушылықтың арқасында халықтың назарында болады. Арулардың жүрегін жаулап, арманына айналады. Еліміздегі ең сымбатты бойдақтар кім?

Әлібек Әлмәдиевеліміздің жас дарынды әншілерінің бірі. Алматы қаласында туып-өскен. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын «Эстрада әншісі» мамандығы бойынша аяқтады. Ресейлік «Хочу к Меладзе» музыка жобасына қатысып, өзінің талантын танытқан еді. Қазір жеке әнші ретінде өнерін шыңдап жүр. Әлібектің бойы – 186 см.

Бауыржан ЖақсымбетMassaget.kz порталының журналисті. Тараз қаласының тумасы. Бауыржан 2014 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің «Журналистика» мамандығын аяқтады. Монтаж, бейнебаян түсіру шебері. Бауыржанның бойы – 186 см.

Дулат Жақсылықов  «Алдаспан» тобының жас мүшесі. Ақтөбе облысының Хромтау қаласының тумасы. Өзінен кіші қарындасы бар. Дәл қазір Қазақ Ұлттық Консерваториясының «Домбыра» кафедрасында оқып жүр. 13 жасынан бастап музыка саласында білім алуда. Дулаттың бойы – 190 см.

Асан Нұрберген — "Mezzo" тобының ең жас мүшесі. Асан Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында туып-өскен. 5 жыл домбыра үйірмесіне қатысып, аспапта шебер ойнауды меңгерді. Мектептен соң музыкалық колледжге түсіп, білім алды. Қазір Қазақ Ұлттық Консерваториясының соңғы курсында оқып жүр. Асанның бойы – 185 см. 

Айдар ШайкеновTengri FM радиосының жаңалықтар жүргізушісі. Айдар Алматы қаласында туып-өскен. Өзінен үлкен ағасы бар. 2011 жылдан бастап радиожүргізуші болып қызмет етуде. 2014 жылы Алматы қаласындағы UIB университетінің «Журналистика» мамандығын тәмамдады. Айдардың бойы – 192 см.

Дарын Ширбаев  бодибилдинг бойынша Қазақстан және Орта Азияның үш дүркін чемпионы. Дарын Алматы облысында туып-өсті. Қазақ Ұлттық Университетінде «Юриспруденция» мамандығы бойынша білім алған. 3 жылдан бері фитнес жаттықтырушысы болып қызмет етуде. Дарынның бойы – 185 см.

Бұл жігіттер "еліміздің ең сымбатты бойдақтары" деген критерийге сай ма? Сіз қалай ойлайсыз?

Ф. Абилова