Жігіттердің ең үздік образы анықталды!

Жігіттердің ең үздік образы анықталды!

Қыркүйек айынан бастап "Сәрсенбідегі сән" жобасын бастаған едік. Жоба түрлі образды ел назарына ұсыну арқылы қыз-келіншектеріміздің талғамын арттыру мақсатында басталған болатын. Алайда, жобаның ауқымын кеңейтіп, сән мен талғам жігіттерімізге де жат емес деп шештік. Алғашқы төрттікте Маржан ұсынған "Street style" образы ең көп дауыс жинап, жеңген еді. Екінші айналымда жігіттер тарапынан 4 образ ұсынылды:

Әділ ұсынған "Офистік образ"

Айдар ұсынған "Кэжуал стиліндегі образ"

Ербол ұсынған "Іскерлік стиліндегі образ"

Тимур ұсынған "Street style" образы

Бұл образдардың ішінен үздігін таңдау оқырманның құзырына берілген еді. Дауыс беру үшін мөлшерленген 1 аптаның ішінде 417 адам дауыс беріп, оның 19 пайызын "Офистік образ", 16 пайызын "Кэжуал стиліндегі образ", 39 пайызын "Іскерлік стиліндегі образ" және 25 пайызын "Street style" образы образы жинады.

Пікір жазу барысында "Іскерлік стиліндегі образ" бен "Офистік образ" жанкүйерлері айрықша белсенділік танытқанын атап өткіміз келеді.

Өздеріңіз көріп отырғандай, "Іскерлік стиліндегі образы"  бәрінен басым түсіп, "Сәрсенбідегі сән" жобасының кезекті жеңімпазы атанды! Ерболды құттықтай отырып, уәде еткеніміздей қанжығасына Massaget.kz порталының арнайы сыйлығын байлаймыз. Ал қалған үш сері жігітімізге жобаға белсене қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!

Еске салып өтейік, "Сәрсенбідегі сән" жобасы әрі қарай жалғасады. Ендігі кезекте сіз бен біз оқушы қыздардың сәнінің куәсі боламыз.

Сурет: ©Massaget.kz

Ф. Абилова