Қайрат Нұртас бутигі ашылды

Қайрат Нұртас бутигі ашылды

Алматы қаласының үлкен сауда орындарының бірі ADK орталығында танымал әнші Қайрат Нұртастың бутигі ашылды.

Дүкенде Қайрат Нұртас брендімен аталған ер және әйел киімі, аяқ киім түрлері, сөмке мен аксессуарлар бар.

Гүлзира Айдарбекова, продюсері және анасы: "Киімнің барлығын өзім дизайнерлер көмегімен таңдадым. Басты бөлігі Түркиядан алынды. Киім Қайратқа тән стильде шынжырлар мен металл қысқыштарымен әшекейленген, жылтыр, түрлі түстерде орындалған, заманауи жастар стиліне сай. Әрине күнделікті киетін қарапайым заттар да баршылық. Шет елде баяғыдан бері танымал жұлдыздар, әншілер өз атымен аталған киім, әтір шығарып жатыр. Біз де осылай Қайраттың есімін брендке айналдырмақшымыз. Жас ұрпақтар Қайраттың үлгісін көріп, өз болашақтары үшін тынымсыз еңбек етіп, Қайраттай сәттілікке жетуге тырысады деп сенеміз."

Алғаш сатып алушы Сұлушаш әпке жолдасы мен бауырына 8 мыңнан 2 жейде алды. Сыйлық ретінде Қайрат Нұртас журналы мен соңғы әндер жинағына ие болды.

Киім келген қонақтардың көңілінен шықты. Сатып алушылар "Сапалы, сәнді киімді орташа бағаға алатындай дүкен табыла бермейді. Қайрат Нұртас дүкеніне енді жиі келетін болдық," – деп бір ауыздан айтып отыр. 

Аяқ киімнің бағалары 10 мыңнан 40 мыңға дейін барады.

Дүкен басшылары киімнің көбісі аса қымбат емес, бағалары орташа дейді.

Былғары күртешелердің бағалары 15 мыңнан басталады.

Дүкенде эксклюзивті арнайы тапсырыс бойынша тігілген фрактар, салтанатты пиджактар да бар. Әрине олардың бағалары әжептеуір жоғары, 200 мыңға дейін барады.

Қайрат Нұртас брендінің белгісі осындай болды.

Қайрат Нұртастан сәнді етік кию оның әндерін сүйіп тыңдайтын қыздар үшін нағыз арман.

Ал сіз Қайрат Нұртас сөмкесін алуға қалай қарайсыз?

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

С. А