Неге алғашқы махаббатты ұмыту мүмкін емес? Психологтар себебін айтты

Неге алғашқы махаббатты ұмыту мүмкін емес? Психологтар себебін айтты
Фото: incamp

Алғашқы махаббат біздің өмірімізде ерекше орын алады. Ол біздің жадымызда берік сақталады. Неге алғашқы махаббатымызды ұмыта алмаймыз? Психологтар оның себебін түсіндірді.

Ең күшті махаббат

Алғашқы махаббат көбінесе жасөспірімдік жаста, жыныстық жетілу және гормоналды бұзылулар аясында болады. Бұл бізді абайсыз әрекеттерге итермелейді, сол өте эмоционалды жарылыстар мен жаңа сезімнен эйфория күйін тудырады.

"Жасөспірім кезеңі өзімізді және әлемді тануда маңызды қадам. Біз қарым-қатынас пен шекара орнатуды үйренеміз. Тәжірибе жинаймыз. Біз алғашқы қарым-қатынасты өмір бойы есте сақтаймыз. Алғашқы махаббат болашақ үміттеріміздің негізін қалайды", - дейді психолог Валерий Гут.

Бірақ біз бірінші қарым-қатынасты тым идеализациялаймыз, сондықтан мүмкіндігінше ашық және сенімді боламыз.

"Идеал серіктес - бұл адамның өзі емес, ойдан жасаған кейіпкері", - дейді психолог.

Өкінішке қарай, көбінесе алғашқы махаббат баянсыз аяқталады. Ғашық болған сәттен бастап, ғашық болғанға дейін көп уақыт пен сынақтан өтеміз, оның бәріне біз төтеп бере алмайды екенбіз.

Шынайы емес

Психолог Анна Аронштамның айтуынша, алғашқы махаббат біздің жадымызда із қалдырып қана қоймай, кейінгі сезімдерімізге де әсер етеді. Біз содан кейін басқа адамдардың жан-дүниесінен алғашқы махаббатты іздейміз.

"Біз алғашқы махаббатымызға ұқсайтын адамды іздейміз деп ойлаймыз. Бірақ шын мәнінде, сол жарқын сәттерді қайта бастан өткізгіміз келеді. Бұл көбіне әйелдерді шатастырып, отбасын құрғаннан кейін де  алғашқы махаббатымен жақсы кездерді бірге өткізгенін жиі есіне алатын етеді", - дейді Анна Аронштам.

Психологтың айтуынша, алғашқы махаббатты 20 жылдан кейін қайта кездестірсеңіз де барлығы бұрынғыдай болмайды. Ол иллюзия ғана. Бірге 1-1,5 жыл тұруыңыз мүмкін. Ары қарай депрессия басталады.

"Нағыз сезім деп санайтын алғашқы махаббат көбінесе әйелдердің жылдар бойы мұқият сақтайтын және алып жүретін елесі болып шығады. "Алғашқы махаббат ешқашан өлмейді" дейді. Бірақ шындығы сол есейген сайын қажеттіліктеріміз өзгереді. Ал құмарлық пен керемет сәттер басқа, бізге жердегі және материалдық нәрсе қажет. Шынайы өмір үшін жағдай мен уақыт сынынан өткен нағыз адам керек", - дейді психолог.

Сондықтан, маманның пікірінше, ең дұрысы – алғашқы махаббат тәжірибесін алып, қазіргі мақсаттарыңыз бен қажеттіліктеріңізге қарай серіктес таңдау.

Психолог Валерий Гуттің айтуынша, алғашқы махаббатты иллюзиясыз және шамадан тыс романтизациясыз қабылдау керек.

"Бұл тәжірибеден не үйренгенімізді, өзіміз туралы нені түсінгенімізді талдап көрген жөн. Өзіңізден: "Осы тәжірибеден алған ең маңызды сабақ қандай?" деп сұраңыз. Осы сабақ арқылы жұмыс істеп, оны жаңа қарым-қатынастарға көшіруді тоқтатыңыз. Ал ең шынайы, терең қарым-қатынасты нағыз кемел, психологиялық сау адамдар ғана құра алады", - деп түйіндейді маман.

Айта кетейік, Дәрігерлер ғашық болу денсаулыққа қалай әсер ететінін айтқан болатын.

Т. Раушанұлы