Адам қанша жаста есейеді?

Адам қанша жаста есейеді?
Фото: hi-news

Адамның ересек деп есептелетін жасы бүкіл әлемде әртүрлі. Ал ғылыми зерттеулер көрсеткендей, біз ересектер ұғымын дұрыс түсінбеуіміз мүмкін. Мысалы, адам 33 жаста ересек деп саналады – оның жұмысы, үйі және отбасысы бар. Бірақ бұлар адамды есейте ме? Ал неліктен түрлі мәселелер туындаған кезде өзіміздің дәрменсіздігімізді сезініп, ата-анамыздан көмек сұраймыз?

Сонымен, психологтар жасөспірімдік кезең 20 жасқа дейін созылатынын айтады. Ал 30 жас толық қалыптасқан есейгенді білдіреді.  30 жас кездейсоқ таңдалған емес – бұл мидың түпкілікті қалыптасуы.

Балалар, жасөспірімдер және ересектер

Уақыт өте келе біз өсеміз және еріксіз өзгереміз, бірақ адамдардың қай жаста нағыз ересек адам болатынын түсіну мүмкін бе? Заңнама тұрғысынан бәрі қарапайым – 18 жастан асқан кез келген адам кәмелетке толған болып саналады. Алайда көптеген ғалымдар бұл анықтамамен келіспейді және бірқатар ғылыми зерттеулердің нәтижелері өсудің күрделі құбылыс екенін, уақыт өте келе кеңейтілгенін көрсетті.

Жасөспірімдік кезеңнен ересек өмірге ауысу әлеуметтік белгілер мен заңды шекаралардың өзгеруімен, сондай-ақ ми құрылымы мен қызметіндегі (когнитивтік дағдылар мен қабілеттердің) күрт өзгеруімен сипатталады, деп жазады ApaPsycnet ғылыми журналында жарияланған мақала авторлары.

Сондай-ақ бүкіл әлемде өмір сүру ұзақтығының артуы үлкен мәнге ие. Бүгінгі таңда балалық шақты бірнеше категорияға бөлуге болады – «ерте балалық шақ», «жасөспірімдік шақ» және «пост-жасөспірімдік шақ»;

Ересектерге де қатысты зерттеушілер «жас ересектер», «орта жастағылар» және «қарттар» деп бөлген (бұл ретте кәрілік те бірнеше санатқа бөлінеді).

© blog.karpachoff.com

18 жас жасөспірім шақтың шегі ме?

Мәдени-әлеуметтік нормалардың да өзгеріске ұшырайтынын айта кеткен жөн – жылдар өткен сайын біз ескірген идеялардан арылып, жаңа идеяларға ие боламыз. Осылайша, 18 жастағы адамды бүгінде ересек адам деп санау біршама ескірген және неврология саласындағы кейінгі зерттеулердің нәтижелері жеткіншек шақ 25 жылға дейін созылатынын көрсетті. Неврологтардың айтуынша, біз толық кәмелетке отыз жас шамасында жетеміз (дегенмен нақты жас адамнан адамға өзгереді). 2018 жылы ғалымдар жасөспірім шақты 24-ке дейін ұзартыуды ұсынған болатын.

Ғалымдар отыздан асқандардың миы толық қалыптасқандықтан (тіпті өзгерістердің көпшілігі жасөспірім кезінде болса да) ересектер деп есептейді. Бұл метаморфоздардың мінез-құлықта да, бірқатар психикалық аурулардың (мысалы, шизофрения немесе депрессия) даму үрдісінде де маңызы зор. Оның үстіне балалық шақтан (жасөспірімдік) ересектікке өту анықтамасының өзі күмәнді.

© Depositphotos

Есейген адамды өмір аямайды

Бүгінгі әлеуметтік мәселелер, пәтердің қымбат болуы, нарықтағы бағаның күн санап өсуі адамды есейген өмірдің табалдырығын аттауға асықтырмайды. Бұл факторлар, ғалымдардың пікірінше, ересек адамның дәстүрлі белгілерін (неке, бала тәрбиелеу және экономикалық тәуелсіздік) кейінге қалдырады, осылайша жасөспірімдік кезеңді ұзартады (бұл терминді алғаш рет 1904 жылғы мақаласында психолог Стэнли Холл сипаттап, жасөспірімдік кезеңді «балалық шақ арасындағы өмір кезеңі» деп анықтайды.

© AMENCLINICSPHOTOS

Ми қашан жетіледі?

Мидың анатомиясы мен белсенділігіндегі елеулі өзгерістердің арқасында оның түпкілікті қалыптасуы шамамен 25 жасқа дейін. Бұл әсіресе әртүрлі атқарушы функцияларда үлкен рөл атқаратын префронтальды қыртысқа қатысты, оның ішінде зейін мен назар аудару, өз әрекетінің салдарын түсіну және болжау, эмоцияларды басқару, тәуекелді түсіну және болашақ әрекеттерді жоспарлау.

Дегенмен, префронтальды қыртыстың түпкілікті қалыптасуының нақты жасы әркім үшін әртүрлі – кейбір адамдар басқаларға қарағанда ертерек жетіледі және керісінше. Кейінгі ғылыми зерттеулер ересек жасты анықтаудың алтын стандарты жоқ екенін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі қоғамдардың көпшілігінде ересек өмірге көшу бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ұзаққа созылады.

Мидың префронтальды қыртысы 25 жасқа дейін қалыптасады. Неврологтардың жетістіктерінің арқасында біз оның қалай дамып, қызмет ететінін нақты білеміз. Фотосурет.

Мидың префронтальды қыртысы 25 жасқа дейін қалыптасады. Неврологтардың жетістіктерінің арқасында біз оның қалай дамып, қызмет ететінін нақты білеміз.

Бірақ префронтальды қыртысты бәріне кінәламаңыз, өйткені оған мишық көмектеседі – біздің когнитивтік жетілуімізге жауапты аймақ және оның дамуы көбінесе қоршаған ортаға байланысты. Мидың бұл бөлігі жасөспірім кезінде көп өзгереді және 20 жаста жақсы қалыптасады. Сайып келгенде, толық қалыптасқан мишық пен префронтальды қыртыс әлеуметтік өмірді басқаруға көмектеседі (және параллельді түрде спортта жетістікке жетуге де көп роль атқарады).

2018 жылы зерттеушілер кейінгі 50-60 жылдағы қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістерді бақылау нәтижелері туралы баяндады. Бұл өзгерістер, сарапшылардың пікірінше, жасөспірімдік шақ анықтамасын қайта қарауға әкелді.

Өзгеріс жасы

Сонымен, нейробиология тұрғысынан ересек адам деп 25 жастан асқан адамды санауға болады. Осыған қарамастан, көптеген отбасыларда балалар мектепті бітіргеннен кейін тәуелсіз өмірді бастайды – университетке түсу және бөлек тұру арқылы олар қаржылық тәуелсіздікті игереді, бұл олардың ересек өмірі десек те болады.

 © GETTY IMAGES

Қазіргі жастар есеюге асықпайды

Ал 2022 жылы жастар есеюге асықпайды. Олар депрессия мен уайымнан көбірек зардап шегеді, ал жұмыс, өмірлік серікті іздеу және бала туу белгісіз уақытқа кейінге қалдырылады. Мамандардың айтуынша, қазіргі 18 бен 25 жас аралығындағы жастар өмірлік маңызды шешімдер қабылдаудан жалтарып, жауапкершілікті өз мойнына алғылары келмейді, сонымен қатар қаржылық тәуелсіздік алуға да асықпайды.

Есеюге асықпаудың тағы бір себебі – алаңдаушылық пен депрессияға қарсы күрес көп күш алады және шешім қабылдау қабілетіне теріс әсер етеді. Өзгерістерден қорқу және өмірлік дағдылардың болмауы да жетілуді баяулатады. Бірақ, ең қызығы, қазіргі жастарды саяси және экологиялық мәселелер, жалғыздық пен ұйымшылдық сезімі қатты толғандырады. Болашағы бұлыңғыр дүниеде әйтеуір ересек адам болғысы келмейді.

Т. Раушанұлы