Махаббатқа қатысты 7 ғылыми факт

Махаббатқа қатысты 7 ғылыми факт
Фото: www.gazeta.ru

Ғашық болу өте пайдалы. Эмоционалды әрі физикалық деңгейде. Бұл стрессті азайтады, сауығу процесін жылдамдатады және жалпы өмірді ұзартады. Біз осы махаббат туралы бірнеше фактілерді жинадық. 

1. Ғашық болу мас қылады

Ғашық болу эйфориясы есірткі тұтынушылардың басынан өткеретін жағдайға ұқсайды. Journal of Sexual Medicine журналында жарияланған бір зерттеуге сәйкес, екі әрекет те допамин, окситоцин және адреналин сияқты бақыт гормондарының бөлінуін тудырады.

2. Ғашығыңызды құшақтау күйзелістен бірден арылтады

Солтүстік Каролина университетінің психиатрлары жүргізген зерттеу көрсеткендей, ерлі-зайыптылар құшақтасып жатқанда, оларда стрессті азайтуға және көңіл-күйді жақсартуға жауап беретін окситоцин гормонының деңгейін жоғарылатады.

3. Бақытты жүрек – сау жүрек

Сүйіспеншілік сіздің өміріңізге эмоционалды және физикалық тұрғыдан жақсы әсер етеді. 3,5 миллионнан астам адамның мета-талдауының деректері некеде тұрған адамдардың ажырасқан немесе жалғызбасты адамдарға қарағанда қан тамырлары ауруынан 12% аз зардап шегетінін көрсетеді.

4. Жануарлар да моногамды болады

Адамдар моногамдық қатынаста болатын жалғыз жаратылыс емес. Құндыздар, құмырсқалар, қасқырлар, теңіз жылқылары және үкілер - өмір бойы бір серіктеспен бірге болатын жануарлардың кейбірі ғана. 

5. Ерлі-зайыптылардың жүрек соғысы синхрондалады

Сіз және сіздің жұбайыңыз бір-біріңіздің көзіңізге қараған кезде жүрек соғу жиілігі синхрондалады. Үш минут бойы бір-біріне қарама-қарсы отырған 32 гетеросексуалды жұпты талдағаннан кейін зерттеушілер олардың жүрек соғу жиілігінің бірдей екенін анықтады.

6. Сүйіспеншілік созылмалы ауруды жеңілдетеді

Стэнфорд университетінің Медицина мектебінің ғалымдары жүргізген тәжірибе махаббаттың мидағы ауырсынуды басатын дәрілер сияқты реакция тудыратынын көрсетті (қандай да ықтимал зиянды жанама әсерлері жоқ). 

7. Махаббат ізгілікке баулиды

Тіпті ең пессимистік адамдар да өмірлік жарын жолықтырғанда жақсы жаққа өзгереді. Тоғыз ай бойы 245 жас жұбайды бақылаған Journal of Personality журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, сезім невротик адамдарды оптимиске айналдыра алады екен.

А. Оралқызы