Ер адам әйеліне қалай қараса, қызы осы қарым-қатынас дұрыс деп санайды. ER-BATYR жобасында - Николай Бабешкин

Ер адам әйеліне қалай қараса, қызы осы қарым-қатынас дұрыс деп санайды. ER-BATYR жобасында - Николай Бабешкин

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - Kolesa Group компаниясының директоры Николай Бабешкин. Жүргізуші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында неге жеке брендін дамытуға көңіл бөлмеуге шешім қабылдағаны, не үшін жұбайын жоғары бағалайтыны, отбасындағы қарым-қатынас қызының болашағына қалай әсер етуі мүмкін екені туралы әңгімелеп, елдегі жылжымайтын мүлік бағасы өсуінің себебін атады. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. Жоба серіктесі - ALTEL мобильді операторы.

Жоба қонағы неліктен көпшіліктің алдына шығудан қашуға тырысатыны, неге жеке брендін дамытумен айналыспайтыны туралы айтты. "О бастан-ақ қалай және неге қатысты жарнама жасаймыз деп ақылдастық. Мен әлі де осы дұрыс екеніне сенімдімін, мүмкін қателесетін шығармын. Өйткені осы уақыт ішінде өзің туралы мүлдем басқаша түсінік қалыптастыруға болар еді, бірақ осылай дұрыс деп шештік. "Колеса", "Крыша", "Маркеттің" артында кім тұрғаны маңызды емес. Бұл аздап ренжітуі мүмкін, бірақ менің ойымша, бас атқарушы директор ретінде белсенді әрекет ететін, брендтің айнасына айналатын адамдар мұны көп жағдайда компания үшін емес, өздері үшін жасайды. Егер таңертең не үшін екенін түсінбесем, төсектен тұрмаймын. Бұл компанияға да әсер етеді. Ол нәрсе компанияға ештеңе бермейтінін түсінсем, неге бірдеңе жасаймын?" - деді ол.

Kolesa Group басшысы жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуіне "Крышадағы" шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалар көп болуы әсер етуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
"Қалай болатынын қараңыз - риэлтор қашан да құнын төмендетеді, сондықтан жарнамаларының көптігі де бағаны төмендетеді. Өйткені баға неғұрлым арзан болса, келісімге келуге мүмкіндік көп болады. Риэлторлардың бағаны көтеруі - иллюзия. Жалған хабарландырулар беріп, нарыққа әсер ету мүмкін емес. Бізге мыңдаған шағымдар келіп түседі, бәрін өңдейміз, бұл процесс барынша жолға қойылған. Неге шын мәнінде баға өскенін жақсы түсінеміз - жылжымайтын мүлікке сұраныс артты, өйткені халыққа зейнетақы жинақтарын алуға мүмкін берілді. Бұл нарыққа әсер етті", - деді ол.

Николай әйелінің қай қасиетін бағалайтынын айтты.
"Менің ойымша, 11 жылды оның арқасында бірге өткіздік, өйткені ол бір байланысты тапты. Барлық жағдайда ол кері шегінеді деп айта алмаймын. Басшы команда, құрылтайшылар, отбасы алдында мықты болуы керек. Бұл жағдайда Ольга мықты болуға мәжбүрлейді, себебі оның жанында мықты болғың келеді. Бірақ қытығыңа тимейді, әйелі "сен ештеңе істемейсің" дейтін қарым-қатынастар болады ғой. Ольга мұны басқаша істейді. Мүмкін, оның күші шығар, өйткені өзің де ондай адамның жанында мықты болғың келеді", - деді ол.

Жоба қонағының айтуынша, қызды тәрбиелеу кезінде отбасындағы қарым-қатынас оның болашақ жарын таңдауына әсер етеді.
"Бала 80 пайыз сенің
жасағаныңды қайталайды. Ең маңызды ережелердің бірі, әсіресе, қыз тәрбиелесең, оның анасына қалай қарайсың, ол өскен кезде де сондай қарым-қатынас іздейді және осы қарым-қатынасты дұрыс деп санайды. Мен бір кездері баланы өсіру ғана, керемет білім беру ғана жеткілікті деп ойлайтынмын, бірақ, мысалы, Гарвардты бітірсе де, некесі сәтсіз болса, оның бүкіл карьерасы кері кетеді, бұл оған ештеңе істеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан сен сынсаң да, қызың болса, бойына осындай құндылықтарды сіңіре білуің керек, сонда ол болашақ жарын дұрыс таңдайды", - деді ол.

Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы - erbatyrkz.

Г. Берік