Ақшамен доссыз ба? (психологиялық тест)

Бұл психологиялық тест ақшаға қатысты. Аса көп уақытыңызды алмайды, оның үстіне дәлме-дәл келеді. Суретке қарап, көп ойланбастан бір бейнені таңдаңыз. Таңдауыңызға сәйкес нөмір мәтінінің жауабын оқыңыз.

1-сурет

Кеңес кезеңіндегі монетаны таңдадыңыз. Ол мақсатқа жету үшін өте көп тер төгуге дағдыланғаныңыздың белгісі. Сіздікі – нағыз адал еңбек. Шектен тыс жұмыс істейсіз, бірақ оны еш міндетсімейсіз. Көп ақша табу үшін тек аянбай күш салу керек деп есептейсіз. Қолда барына шүкір етіп отырасыз, үйреншікті жұмысыңыздан қол үзгіңіз келмейді. Мұндай адамдардың орташа табысы бар, соған да шүкір дейді. Егер табысыңыз артсын десеңіз, тек есекше жегіліп жұмыс істегендер ғана миллиондап табады деген түсініктен арылыңыз. Тәулігіне жиырма сағат жұмыс істеген де, тек төрт сағат жұмыс істеген де бірдей табыс табуы мүмкін. Сондықтан өзіңіз үшін көп табыс не үшін керек, соны анықтап алыңыз.

2-сурет
Қаржы тұрғысынан алғанда өте жақсы таңдадыңыз. Жақын арада ойламаған жерде мол табысқа кенелесіз. Тағдырдың сыйынан бас тартпай, бар мүмкіндікті пайдаланыңыз. Адал еңбек жайын да назардан тыс қалдырмаңыз.

3-сурет
Қаржы жағынан көңіліңіз шалқып өмір сүру үшін біраз жұмыс істеу керек екенін жақсы білесіз. Бұл ойыңызға әрекетіңіз де дәлел. Жасаған жұмысыңызға лайық марапат алуға дағдыланғансыз. Алдағы уақытта табысыңыз еселенеді. Алайда ол жұмыс майданында демалыссыз шапқылай беру керек деген сөз емес.

4-сурет
Көз алдыңызда қомақты қаржыға кенелуге дайын болыңыз. Өзіңіздің жай ғана табыс магниті екеніңізді түсінесіз. Ауқымды лоторея ұтуыңыз мүмкін әлде кездейсоқ мол мұраның иесі боп шығуыңыз ықтимал. Не болса да тағдырдың тамаша тартуынан бас тартпаңыз.