Бақытты сезінуді жаңа тіл игергендей үйренуге болады

Тренто университетінің ғалымдары өзін үнемі бақытты сезінуді үйренуге болатынын дәлелдеді. Олар бұл туралы арнайы психологиялық «интенсив» курс дайындап, теорияны тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Ғалымдар бұл жаңа тіл үйрену немесе балшықтан құмыра жасау сияқты игеріп алу,а болатын өнер екенін айтады.

Курста өз өміріне шүкіршілік еті, әдемі өмірге деген көзқарасты дұрыс қалыптастыру, өзін-өзі тану және эмоциясын реттеу сияқты дағдылар оқытылады. Қатысушылар өз бойларындағы алаңдаушылықтың едәуір азайғанын және онымен бірге стресс, жағымсыз ойлар, ашушаңдық пен өтірік айтуы төмендегенін хабарлады.

«Батыстың да, шығыс философиялық дәстүрлерінде де бақыт ішкі тепе-теңдіктің, өзіне және әлемге деген ізгі ниет пен адамның ақыл-ойының дамуымен тығыз байланысты деген идея айтылады», - дейді зерттеуші Никола де Пизапия.

Оқыту барысында философия мен теориялық ілім медитация практикасымен ұштастырылды. Қатысушылар психология, нейробиология негіздерін, батыс философиясы мен буддизм тарихын зерттеді. Миды зерттеуге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, нейропластика, стресс пен мазасыздықтың физиологиясы, ауырсыну мен ләззат алу, жағымды және жағымсыз эмоциялар, армандар мен қажеттіліктер, өзін-өзі бағалау, эмпатия мен жанашырлық сезімдеріне көңіл бөлінді. 

Бақытқа жету үшін психотерапия курсы жеткілікті екен.