Маргарет Мид: "Әрқашан, өркениетті бола біліңіз"

Маргарет Мид: "Әрқашан, өркениетті бола біліңіз"
Фото: newscientist.com

Бір студент белгілі антрополог Маргарет Мидке "Адамзат мәдениетіндегі өркениеттің алғашқы белгісі қай кезден бастау алады?" деген сұрақты қойған екен. Ойлаған ғой, ғалым қармақтың ілгегі пайда болып, алғашқы қыш құмыралар мен қайрақты қолдана бастаған кезден мысал келтіретін шығар деп. Сөйтсе, Маргарет ханым "Ежелгі мәдениеттегі өркениеттің алғашқы көрінісі - адамның сынып, сосын, қалпына келген жамбас сүйегі" деген екен.

Мәселенің мәнісін ұқпай қалған студентке Мид ханым жануарлар әлемінде аяқты немесе жамбасты сындыру - көп ұзамай ажал құшу екенін.., қозғала алмай, шоңқайып қалған адам қауіп-қатерден қашып құтыла алмайтынын.., өздігінен аң аулап, тіпті, суатқа да бара алмайтынын.., кез-келген жыртқышқа жем боп немесе аштан өлетінін түсіндіре келіп, "жамбас сүйектің жазылуы - бүкіл адамзат өмірінің өркениет бастауы" екенін дәлелдеп беріпті.

Ғалымның айтуынша, сынып, қайта қалпына келген жамбас сүйек - жарақат алған адамға әйтеуір біредуің көңіл бөлгенін, жарасын таңып, оны қауіпсіз жерге орналастырғанын, жаралы адам айыққанша оны тамақтандырып, қамқорлығына алғанын білдіреді.

"Біреуге қиыншылықты жеңу үшін жәрдемдесу, қолұшын беру, міне, өркениеттің бастауы дегеніміз - осы! Біз, тек, өзгеге көмектескенде, қызмет көрсеткенде ғана өркениетті адами келбетімізді сақтаймыз. Әрқашан, өркениетті бола біліңіз!" дейді, Маргарет Мид.

Қанат Ескендір

Т. Раушанұлы