Интроверттер туралы 10 аңыз

Интроверттер томаға-тұйық, адамдарды жақсы көрмейді деген дұрыс болмас. Олар тек табиғатынан талғампаз адамдар. Интроверттер үшін "Жан байлығы сыртқы сымбаттан артық" – деген жай сөз емес. Дегенмен интроверттерге қатысты біршама сөз қате айтылған.

№1 аңыз – интроверттер сөзшең емес

Олай емес. Айтары жоқ болса, үндемейтіні рас. Бос сөзді суқаны сүймейді. Оларды қызықтыратын тақырыпта сөйлессең, тоқтата алмай қаласың.

№2 аңыз – интроверттер ұялшақ

Ұялудың интроверсияға еш қатысы жоқ. Интроверттер елден қорықпайды, оларға тек араласу үшін себеп керек. Оларға жай араласу жеткіліксіз. Егер интровертпен жай сөйлескіңіз келсе, бірінші болып әңгіме бастаңыз. Әдепсіз көрінемін жеп тартынбаңыз.

№3 аңыз – интроверттер дөрекі

Интроверттер хал сұрасып, үнемі хабарласа бермейді. Елдің бәрі шынайы әрі адал болсын дейді. Көп жағдайда бұл мүмкін емес. Сондықтан интроверттерге бейімделу қиын, бұл әдетті лайықсыз санайды.

№4 аңыз – интроверттер адамдарды жақсы көрмейді

Керісінше, интроверттер қасындағы адал төрт-бес досын қатты құрметтейді. Олардың досы саусақпен санарлық. Егер интроверттің досы болсаңыз, жолыңыз болғаны, мәңгілік одақтасыңыз бар деп сеніңіз. Егер жақсы адам екеніңізді көрсетсеңіз, ол әрдайым қасыңыздан табылады.

№5 аңыз – интроверттер ел алдына шыққанды ұнатпайды

Өтірік. Интроверттер ел алдында ұзақ жүргенді ұнатпайды. Олар ақпаратты тез сіңіреді, сондықтан ел алдында көп жүре бермейді.

№6 аңыз – интроверттер әрқашан жалғыз болғанды қалайды

Интроверттер өз ойымен жеке қалғанды ұнатады. Олар көп ойланатын арманшыл адамдар. Шешетін мәселе, ойланатын қиындық болғанды ұнатады. Ашқан жағалығын бөлісетін адам таппаса, олар да өздерін жалғыз сезінеді.

№7 аңыз – интроверттер – біртүрлі

Басым интроверттер – индивидуалистер. Олар тобырдың соңынан ермейді. Өз ойына ғана сенеді, сондықтан қалыпты дүниенің барлығына бірдей көне бермейді.

№8 аңыз – интроверттер – тұйық адамдар

Интроверт – жан дүниесіне көп көңіл бөлетін адам. Ойы мен көңіл күйіне баса назар аударады. Интроверттер айналадағы оқиғаларға көңіл аудара алмайды емес, оларға жан дүниесіндегі әлем қызық әрі пайдалы көрінеді.

№9 аңыз – интроверттер көңіл көтеріп, демала алмайды

Интроверттер әдетте үйінде немесе табиғат аясында демалады. У-шуға толы қоғамдық ортада демала алмайды. Егер айналасында у-шу көбейіп кетсе, тұйықталып қалады.

№10 аңыз – интроверттер "түзеліп", экстраверт бола алады

Интроверттер "түзеліп" кете алмайды. Себебі олардың болмысына интроверттерге сай мінез сіңген.