Әйелдер неге шынайы махаббатты қалай тұра жалған сұлулыққа жүгінеді?

Әйелдер неге шынайы махаббатты қалай тұра жалған сұлулыққа жүгінеді?

Барлық әйел заты әдемі әрі сүйікті болғысы келеді. Бұл түсінікті. Бірақ неге ерлерден, олардың махаббатынан шынайылықты күтеді де, өздері жалған келбетпен алдайтыны түсініксіз. Ер адамдардың жан айқайын оқып ой түйіңіз.

Мен жас қыздарды да, егде тартқан әйелдерді де көремін, әрқайсысының өзіне тән тартымды қылығы, әдемілігі бар. Олар өзінің табиғат тарту еткен тартымдылығын қабылдай алмай, сұлулықты өзінше басқаша түсініп, одан ары сұлу бола түскісі келеді.

Шашын бұйралап сәндейді, бетін бояйды, аяғын жалаңаштайды, ашық түсті макияж жасайды, Әлем аруына қатысатын барби қуыршақтай жасанып көшеге шығады. Бетіне әдемі қыздың суретін салып, қолдан жасаған жалған сұлулығымен өзгелерді арбаймын деп жүріп өздері қалай алданып қалғанын білмей қалады.

Өзі жалған жолға соқпай-ақ ханшайым бола алмаған адам әлемнен ханзаданы күтпегені жөн. Қулыққа бармасаңыз, әлем де сізді тәлкекке салмайды.

Алдау – аса өткір сөз. Оның артында сұлу болмаудан қорқу жасырынып жатқандай. Әдемі емес әйел жоқ. Мен ондай ешкімді кездестірмедім. Тек оған біздің көзімізді жеткізе түскісі келетіндер бар.

Мен әдемі емеспін, сондықтан ернімді баттастырып боядым, кірпігімді ұзарттым, бөксемді айқындап көрсетуге тырыстым, менде басқа түк жоқ, сондықтан осы нәрселерді ғана назарға ұсына аламын. Экранға жарқын жарнама беремін, экран артында тек сымдар мен шаң-тозаң ғана жатыр. Өзін жасанды сұлулықпен тұмшалайтындар осылай деп тұрғандай көрінеді.

Мен ешқашан нәзік жандының сырт келбетіне қарап қызыққан емеспін. Оның мүсіні, жалаңаш денесі адамды тартпайды. Жалаңаштанудың, мүсініңді айқындаудың орны, реті, жөні болады. Орынсыз жерге, мезгілсіз уақытта жалаңаштану, керісінше, адамды өзінен жирентеді. Кез келген ер адам шынайылыққа, әйел затының табиғатына, болмысына ғашық болады. Одан кейін ғана түрі мен мүсініне көңіл аудара бастайды.

Мен үшін ең әдемі әйел – жүкті әйел. Оған сырт келбеті маңызды емес, ол тек ішін ойлайды, өз ішінде өмір сүріп жатқан тірі жанды ойлайды. Ол ішкі үніне құлақ түреді, ішін сипалайды, құрсағындағы сәбиге титтей де зияны тимесін деп әр адымын аңдап басады. Бұл бірден байқалып тұрады. Ер адамды да өзіне баурайтын осы нәзік әрекеттері, бал қылығы.

Нәзік жандылардың маған ұнайтын мүшесі – іші. Жұмсақ, дөңгеленген, жұмбақ төмпешік, сарқылмайтын қазынаны жасырып жатады. Әйел затының энергиясы, күші, тартылысы осы жерден бастау алады. Әйелдерге арналған тәжірибе ішке түскен күшті сейілтуден, ішпен демалумен, іш биімен байланысты болуы тегін емес.

Біз, жігіттер, көзбен сүймейміз, тек көзбен сүйсек іш пысып кетер еді. Біз әр қимылды назарда ұстаймыз: басты бұру, жүріс-тұрыс, отырыс, дауыс... Кербездікті бірден сезінеміз. Оны сатып та, көшіріп те ала алмайсыз. Әркімнің болмысында жазылады.

Арулар жай ғана нәзік жанды боп жаратылуымен әдемі, оларға басқа жалған әдемілікке ұмтылудың қажеті жоқ. Әркім көргісі келген сұлулықты көреді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Ғарыш температурасы қандай?
Ғарыш температурасы қандай?
Мбаппе футбол симуляторында 100 OVR рейтингін алды
Мбаппе футбол симуляторында 100 OVR рейтингін алды
ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты
ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты
Композитор Кеңес Дүйсекеевтің танымал 7 әні
Композитор Кеңес Дүйсекеевтің танымал 7 әні