Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Оптимистер ұзақ жасайды

Оптимистер ұзақ жасайды

Оптимистер ұзақ жасайды

АҚШ-та жасалған зерттеу нәтижесінде пессимистерге қарағанда оптимистердің ұзағырақ өмір сүретіні анықталды. Зерттеу деректері 1976 жылдан бастау алатын және 71173 адамның өміріне оптимизм мен пессимизмнің әсерін зерттеген ғалымдар – оптимистердің 85 жастан артық өмір сүру ықтималы жоғары екенін айтады.

Мұны — отимистердің жақсы ойлауы, сезімдерін оңай реттей алуы және стрестің кері әсерлерінен қорғана алатындығымен байланыстырады. Зерттеуде адамдардың жалпы денсаулығымен қатар өмірге деген көзқарасы, оптимистік не пессимистік деңгейі қарастырылды. Дене жаттығуы, қоректену дағдылары және темекі, спиртті ішімдік қолданулары да есепке алынды. Оптимистік, яғни жақсы ойлау деңгейі төмендер мен жақсы ойлау деңгейі жоғары ерлер мен әйелдерді салыстыра келе, оптимистік көзқарасы жоғарылардың 10-15 пайызға ұзағырақ өмір сүретіндігі және 85 жастан асу ықтималдығы жоғары болатындығы байқалған.

Зерттеу жүргізген Бостон университеті Медицина факультеті психология саласының доценті Левина Ли (Lewina Lee): Ашқан жаңалығымыз позитивті ойлау деңгейін арттыру адамның ұзақ жасау және салауатты өмір сүруіне ықпал ететіндігін көрсетуде» деп мәлімдеді. Сондай-ақ барлық нәрсенің, іс, тұрмыс-тіршіліктің дұрыс жүріп жатқандығын ойлау және танымдық-амалдық терапия секілді сыртқы әсерлер арқылы оптимистік көзқарасты арттыруға болатынын айтқан доцент Ли: «Зерттеулер оптимист адамдардың алдына қойған мақсатына жете алатындығына сенімі мол болатындығын, келеңсіздіктерді шешуде өте пәрменді болатындығын, ал стресті жағдайларда сезімдерін оңай реттей алатындығын көрсетуде» дейді. Бристоль университетінен Брюс Худ бұл: «Оптимистердің күйзелісті оңай жеңе алуы және негативті жағдайларды жадында ұстамауының салдары» деп түсіндіреді.

Бұдан бұрын Гамбург университетінің ғалымдары оптимистердің суық тиюі секілді дерттерге төзімді келетінін мәлімдеген болатын.

Ал Иллинойс университетінің ғалымдары болса, оптимистер жүрек қан-тамыр ауруларымен сирек ауыратынын дәлелдеген еді. 

0
Рейтинг: +0

Фото: google.kz
Қосылған күні: 04 қараша 2019, 13:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.