Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Адамның қорқынышты фильмді ұнату-ұнатпау себебі

Адамның қорқынышты фильмді ұнату-ұнатпау себебі

Адамның қорқынышты фильмді ұнату-ұнатпау себебі

Қорқынышты фильмдерді көруден ләззат алатындар және мүлде ұнатпайтын адамдар бар.  Қорқынышты фильмдер бізге қауіп-қатермен күрескен кезде ақыл-ой жаттығуларына мүмкіндік береді. Адамның қорқынышты фильмді көру кезінде жағымсыз эмоциялар жиілеген сайын, оның осы жанрдан ләззат алуы да жоғарылай түседі екен. Неге кейбір адамдар хоррор жанрын жақсы көреді де кейбірі мүлде ұнатпайды? Осы сұрақ төңірегінде ізденіп көрдіңіз бе? Шындығында бәрі миға байланысты екен.

Қорқыныш = ойын-сауық

Мысалы, Сізді саваннада арыстан қуып жүр дейік немесе фильмде  басты кейіпкерді құбыжық қуып жүр дейік. Осы екі жағдайда да мидың бір бөлігінде миндалин бөлінеді.

Миндалин – мидың бөлігі. Ол эмоцияларды өңдеуге жауап береді және ең бастысы “соққы немесе жүгіру” реакциясын тудырады. Ағзада адреналин және кортизол сияқты химиялық заттар бөлінеді. Олар жүрек соғысын арттырады, қан қысымын жоғарылатады және тыныс алуды бәсеңдетеді. Басқаша айтқанда, қауіптің нақты бар немесе жоқтығына қарамастан, ми оған дәл солай жауап береді. Бірақ қорқынышты фильмдерде, қандай да бір себептермен, кейбір адамдар мазасыздық пен қорқынышқа жоғары төзімділікке бейім келеді. Бұл “шытырман оқиғаны іздейтіндер” үшін қажет сезім. Ал ондай сезімді ужас жанрындағы фильмдерді қарамай-ақ парашютпен секіру немесе ащы тағам жеу арқылы да сезінуге болады екен.

Зерттеулер көрсеткендей, ер адамдар әйелдерге қарағанда қорқынышты фильмдерді ұнатады, бірақ олардың қорқынышты фильмді ұнатуы қоғамда қауіп-қатер мен қатыгездікке жиі кездесуінен болуы мүмкін. Сонымен қатар, ер адамдар қорқынышты фильмдерді көргенде қасында әйел адам болса, ол айналасынан қорғаныш іздейді. Міне, сол кезде ер адам күшімен батылдығымен мақтана алады. Дегенмен, кейбір адамдардың қорқынышты фильмді көруге деген сүйіспеншілігінің ең қызықты түсіндірмесін эволюциялық психология береді. Осы ғылым тұрғысынан, қорқынышты фильмдер біздің негізгі қорқынышымызға әсер етеді, мысалы, қауіпті ауруды жұқтыру және құрбан болуға деген миымыздың түкпірінде ұйықтап жатқан түйсігімізді оятады. 

Қорқыныш=қауіп-қатер

Сондай-ақ ғалымдар бала кездегі тәжірибе адамның қорқынышқа деген шыдамдылығына әсер етуі мүмкін екенін айтады. Бала кездегі ата-ананың немесе құрбы-құрдастарының зорлық-зомбылығынан туындаған жарақат, кедейлік және есірткіге тәуелділік, мидағы бездің жұмысына әсер етіп, адамның өмір сүруге деген ұмтылысын арттырады екен. 

Екінші жағынан алып қарағанда, қорқынышты фильмдерді бала кезде көру оң нәтиже де теріс нәтиже де беруі мүмкін. Мысалы, қорқынышты фильмдер қорқыныш қаншалықты қатерлі екенін миға үйретеді. Теріс жағы: балалық шақта, әсіресе 7 жасқа дейін, қорқынышты фильмдерді көру баланың эмоционалды жағдайына теріс әсер етуі мүмкін. Жас балалар қауіптің қайсысы шынайы, қайсысы өтірік екенін толық түсінбейді екен. 

Сонымен бірге, балалық шағында қорқынышты фильмдерді отбасымен бірге көру баланың өзін қауіпсіз сезінуіне және ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінуіне мүмкіндік береді. Кейде отбасымызбен хоррор фильмдердің  көріністеріне күлу пайдалы. 

Әлеуметтанушы Марги Керр “Айқай: қорқыныш туралы ғылымдағы қорқынышты оқиғалар” кітабында: “егер біз қорқынышты нәрселерді достарымызбен және отбасымызбен байланыстыруды бастасақ, онда бұл фильмдер – ойын-сауыққа айналады”, - дейді.

Дегенмен, фильмді көргеннен кейін не істейтініңізді бірден ескерген жөн. Адам денесі толқу күйінде қалады, ал қозу эмоциялары күшейеді. Егер сіз достарыңызбен жақсы уақыт өткізуді жалғастырсаңыз, бұл жағымды сезімдер қорқынышты ойындарды жақсы көру тәжірибеңізді нығайтады және сізді тағы да солай етуге талпындырады. Бірақ фильмнен соң үйге бара жатып жол апатына ұшырасаңыз, сіздің ақыл-ойыңыз бұл тәжірибені жаман деп тіркейді де, келесі жолы қорқынышты фильмдерді көрмеу керек деген бұйрық береді.

0
Рейтинг: +0

Фото: hi-news.ru
Қосылған күні: 30 қазан, 17:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.