Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Джил Хэссонның эмоционалды интеллектіге қатысты кеңестері

Джил Хэссонның эмоционалды интеллектіге қатысты кеңестері

Джил Хэссонның эмоционалды интеллектіге қатысты кеңестері

Эмоционалды интеллект деген не? Ол не үшін керек? Түрлі эмоцияны қалай қабылдау керек? Осы және өзге сұрақтарға тұлғалық даму маманы Джил Хэссонның "Эмоционалды интеллект" кітабынан алынған үзінділер арқылы жауап беріп көрейік.

Позитивті ойлау

Позитивті ойлау – эмоционалды интеллектінің басты бөлігі. Неге? Себебі эмоционалды интеллект эмоциядарды, ситуацияларды позитивті, оптимистік, конструктивті басқаруға негізделген.

Ал негативті ойлау жүйесі эмоция мен оқиғаларды негативті интерпретациялайды. Мәселен, сіз әріптесіңізге ертеңге жоспарланған презентацияға арналған баяндама жазып беруге уәде бердіңіз. Бірақ кешке үйге жеткенде оны ұмытып кеткеніңіз есіңізге түсіп, қатты қапа боласыз. Өзіңізді іштей жеп, кінәлай бастайсыз. Қатеңізді мойындап, оны жөндеудің орнына түрлі негативті ойларға шомыла бересіз: "Неге мен ұмытып кеттім? Ол маған тағы бір рет еске салуы тиіс еді ғой. Неге мен тақалғанда үйіліп қалатын жұмысты істей беруім керек?"

Егер қиындық, түңілу, қателермен бірге жүретін негатив ойға беріле берсек, алға жылжи алмаймыз, өзімізді тоқтатып қоямыз. Бірақ эмоционалды интеллектіні меңгерсек, қатемізді түсініп, оған позитив және конструктив қарауға болады.

Қалай ойланатыныңызды жақсырақ түсініңіз

Әдетте біз өзіміздің негатив ойларымызды байқамаймыз. Не нәрсені жиі алаңдайтыныңызды еске түсіріп көріңіз: "саяхатты жоспарлар алдындағы әуре-сарсаң, қарым-қатынасыңыз қиын туыстарыңыз, әріптестеріңіз, достарыңыз, белгілі бір міндеттеріңіз бен не істегенді ұнатпайтыныңыз". Ал сізге қандай негатив ойлар келді?

Өзіңізден "Позитивті ойлау деген не?" деп сұраңыз.

Негативті ойларды анықтап алғаннан кейін, соның жетегіне ермей, позитивті ойға ерік беріңіз. Мысалы мынадай ой келді: "Мына қараң қалғыр шілденің өзінде жауын тоқтамай, күн суып кетті! Бізде өзі дені дұрыс жаз бола ма?!" Бұл ойда конструктив не нәрсе болуы мүмкін? Ол сізді арзандау бір ыстық мекенге тур жасауға итермелеуі мүмкін, осылайша сізде күтуге тұрарлық бірдеңе пайда болады. Бұл өте жағымды процесс. Ал нашар ауа-райына шағымдана бергеннің түк пайдасы жоқ.

"Бірақ" сөзін қолдануды ұмытпаңыз.

Негативті ойға тап бола қалған жағдайда оған "бірақ" сөзін қосыңыз. Ол сөйлемді позитивті сарында аяқтауға көмектеседі: "...бірақ жаздың бітуіне әлі екі ай бар ғой – жылы ауа-райын көріп үлгереміз", "...бірақ мен ертең жұмысқа ертерек келіп, баяндаманы аяқтап тастай аламын". Оң нәтижені есестетіңіз де, оны істей алатыныңызға көңіл тоқтатыңыз.

Алдымен неден бастайтыныңызды анықтап алыңыз.

Миыңыз қарсыласып үлгермейтіндей бастап кетіңіз. Ойға алған ісіңізді бастасаңыз болғаны, жұмыс өзімен-өзі өне береді.

Дұрыс сын айту

Соңғы қашан біреуге сын айтқаныңызды еске түсіріп көріңіз. Сыныңыз қаншалықты сәтті болды? Ешкім ескерту алып, сын естігенде ұнатпайды, бірақ сіз біреудің көңіліне бола сын айтудан бас тартпауыңыз тиіс.

Сын әділ болса, өзгеге пайдалы болуы мүмкін. Ол сын естушіге ғана емес, сын айтушыға да пайдалы. Себебі іште біреуге айтқыңыз келген сынды іште бұғып қалсаңыз, ол жиналып-жиналып күндердің бір күні еріксіз ішті тесіп шығады. Ал бұл эмоционалды интеллектіге керек емес.

Біреуге ренжітіп алмай сын айтуға бола ма? Сынның өткір тілін қолдану әсте дұрыс емес. Одан да оған нені дұрыс істемегенін емес, нені дұрыс істей алатынын түсіндіріп көріңіз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 17 мамыр, 15:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.