Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Индукция мен дедукция. Қандай айырмашылығы бар?

Индукция мен дедукция. Қандай айырмашылығы бар?

Индукция мен дедукция. Қандай айырмашылығы бар?

Адам күнде сан мыңдаған шешім қабылдайды. Шешім саналы түрде ой жетегінде қабылданғанымен, оның белгілі бір сызба бойынша жүзеге асатынын көбі аңғара бермейді. Ендеше біз қалай шешім қабылдаймыз? Яки индукция мен дедукцияның ара-жігі қандай?

Дедукция – жалпыдан жекеге, күрделіден дараға айналатын пайым түрі. Адамның дедуктив ойлауы оның ой жүйесін нақтылай түседі, логикалық тізбекті жалғайды. Дедукция арқылы ақиқат дүниелерден жаңа тұжырым пайым жасалады. Ол тек ақиқат ұғымдармен дос. Ақпарат ақиқат болса, тұжырымның да ақиқат болу ықтималдығы жоғары.

Мысалы:

– жаңбыр жауып тұр, тұжырым – жер ылғал болады;
– бүкіл адамның ажалы бар, гректер – адам, тұжырым – гректердің ажалы бар;
– киіз үй ішінде адам ұйықтап жатыр. Ол бетіне Ай сәулесі түскенін сезді. Ұйқылы-ояу тұжырым – түндік ашылып тұр.

Индукция – жекеден жалпыға, дарадан күрделіге айналатын пайым түрі. Индуктив ой жүйесі логика заңдарына бағынбайды, керісінше психологиялық фактор мен ықтималдық категориясына негізеледі. Индуктив ой тізбегі нақтылай түсуді, дәлелдеуді қажет етеді. Индуктив тұжырым ақиқат болуы да мүмкін, өйткені ол ықтималдық категориясында туындайды.

Мысалы:

– Жер – планета, Марс – планета. Екеуінің ұқсастығы бар. Демек, екі планета да тіршілік иелері бар;
– Аргентина – республика, Бразилия – республика, Венесуэла – республика. Аргентина, Бразилия, Венесуэла – латынамерикалық мемлекеттер. Демек, латынамерикалық мемлекеттердің барлығы – республика;
– Қазақстандағы Ақтау, Атырау, Маңғыстау аймақтарында мұнай зауыттары бар. Петропавл мен Павлодар да Қазақстан құрамында. Демек, бұл қалаларда да мұнай зауыттары бар. 

Адам пайымында логикалық модель болады. Оның индукциялық не дедукциялық болуы жағдай мен аргументке байланысты. Өмірден бір мысал келтіріп көрейік.

Сіз жұмыста кешке дейін қалдыңыз делік. Сағат 21:00. Қарныңыз ашқанын енді ғана сезіп, әріптесіңізбен қайда кешкі ас ішетініңізді ақылдаса бастадыңыз. Сіздерде тек екі нұсқа бар: жұмыс қасындағы асхана және жолдың арғы бетіндегі суши-бар. Асхана тек сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал суши-бар түн жарымға дейін ашық. Қайда барасыздар? Сөзсіз суши-барға. Бұл жағдайда сіз дедукцияны қолдандыңыз. Өйткені белгілі фактілер дедуктив тұжырымға жетеледі.

Елестетіп көрейік, суши-бар да, асхана да түн жарымға дейін жұмыс істейді. Әріптесіңіз сізге асханаға баруды ұсынады, себебі оның ойынша суши-барда сушидан басқа тағам түрлері болмауы мүмкін. Сіздер, әлбетте, бұл суши-барға бұрын бармағансыздар. Оның үсіне жолдың арғы бетіне өтіп әлек болмай, қасыңыздағы асханаға кіріп шыққан тиімді. Бұл – фактілері нашар, ықтималдық категориясындағы индуктив ой жүйесі. Оны әлі де дәлелдеп, суши-барға бір барып көз жеткізу керек.

Индукция мен дедукцияның айырмашылығы аргумент, ақиқат ұғымдарында ғана. Бұл екі пайымды бір-біріне қатысы жоқ екі бөлек нәрсе деуге де келмейді. Себебі индукция – болашақ дедукцияның формасы. Бүгін көзіңіз жеткен ақиқат, ертең дедукцияға негіз болады.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: massaget.kz (иллюстрация)
Қосылған күні: 23 қараша 2018, 09:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.