Сендірудің 10 тәсілі

Сендірудің 10 тәсілі
Фото: Ens.az

Бірінші тәсіл: Гомер тәсілі 

Келтірілетін дәлелдер мәселені барынша нанымды етіп көрсетеді. Аргументтердің мына реттілігі оларды айшықты етеді: мықты аргумент–орташа аргументтер–ең мықты аргумент. Демек, әлсіз дәлелдерді айтудың мүлде қажеті жоқ. Себебі сізбен әңгімелесуші адам дәйексіз аргументтерге сын айтуға дайын болады. 

Екінші тәсіл: Сократ тәсілі 

Біреудің мақұлдауын алу үшін, негізгі мәселені үшінші орынға қою керек. Ал бірінші және екінші орынға өте қарапайым, мақұлдауға оңай мәселелерді қою керек. Сонда сұрақ қою кезінде алғашқы екеуіне оңай жауап берген адам, үшіншісін де оңай мақұлдайды. Бастысы – алғашқы екі сұрақ қысқа да нұсқа болуы тиіс. 

Үшінші тәсіл: аргумент-адамның дәрежесі 

Бұл ережеге сәйкес, кез келген мәселенің мән-жайын біреуге сендіру үшін, оған қатысы бар өзге біреуді, яғни аргумент-адамды айту керек. Ол адам дәрежелі, беделді болса, өзгені сендіру оңайға түспек. Бұл тәсілді жарнама саласындағылар жақсы қолданады. Мысалы спорт тауарын жарнамалап, оның жоғары сапасын дәлелдеу үшін, атақты спортшының сол өнімді пайдаланатынын айту жеткілікті. Сол арқылы тұтынушылар оң әсерде қалады. 

Төртінші тәсіл: біреуді төмендетпеу 

Мұны тәсілден гөрі ережеге жатқызған дұрыс. Біреудің дәрежесін, мүмкіндігін, қабілетін төмендету – оған негативті әсер ететіні анық. Нандыру кезінде бұл ережені есте ұстаған абзал. Тәжірибелі жарнамашылардың мына сөзі оны нақтылай түседі: “Тұтынушы сізден ақымақ деп ешқашан ойламаңыз”. 

Бесінші тәсіл: бізге жағымды адамның аргументі көңілге қона кетсе, жағымсыз адамдікі жалған сенім қалыптастырады 

Бұл тәсіл үшінші тәсілмен ұқсас. Аргумент-адам ретінде келтірген тұлғаның өзгеге жағымды-жағымсыз болуы үлкен әсер етеді. Кез келген аяқ-асты ситуацияда бұл тәсілді де естен шығармаған жөн. 

Алтыншы тәсіл: диллема емес, келісім 

Бір мәселеге сендіру үшін, әр түрлі пікірлерден емес, әңгімелесушімен ортақ келісімге келген тұстан бастаған жөн. 

Жетінші тәсіл: эмпатия танытыңыз 

Өзге біреудің ойын жаулау үшін, оның жағдайына кірген дұрыс. Яғни эмпатия білдіріп, оның эмоциясына ортақ болу керек. 

Сегізінші тәсіл: конфликтогендерден аулақ болыңыз 

Бір тұжырымды түсіндіру кезінде дау-дамай ойламаған жерден шығып кетеді. Оны тудыратындар – конфликтогендер (жанжал шығарғыштар). 

Тоғызыншы тәсіл: ым-ишара 

Өзгені сендіретін адам іс-қимыл, мимика, ым-ишара арқылы өз аргументтерін жұмырлата түседі. 

Оныншы тәсіл: қажеттілікті өтейтінін көрсету 

Сіз ұсынған мәселе біреудің қажеттілігін өтейді. Ал оны сендіру кезінде нақ айтып, көрсете білу керек.

Massaget.kz