Чирлидер эффекті

Спорт жарыстарs мен кездесулерде билеп қолдау көрсететін чирлидерлердің жеке-жеке жалғыз билегендерінен гөрі топтасып, бірдей билегені әлдеқайда келісті көрінеді. Мұндай пайымды алғаш рет америкалық "Сіздің анаңызды қалай жолықтырдым" ситкомының кейіпкері Барни Стинсон айтқан еді. Бұл ойды психологтар да жаппай мойындайды екен. Тіпті оның ғылыми негізі жасалып, "Чирлидер эффекті" деген атау беріліпті.

Psychological Science журналында бұл феноменнің алғышарттары келтірілген. Жеке түскен суреттегі кескіннен гөрі, бірлескен суретте адам барынша сүйкімді, тартымды көрінеді екен. Себебі адамдардың топтасып түскен суреттерінде бүкіл кескін тегістеліп, әр адам жалпы эффекттің құрамына еніп кетеді.

Сондай-ақ, біреумен танысқанда жалғыз тұрғаннан гөрі топтасып диалог құру адамның өзін еркін ұстап сөйлесуіне ықпал етеді. Бұл бейтаныс адамға чирлидер эффектін қалдырады. Себебі ол өзімен танысқан адамдарды жекелей қабылдамай, жалпы әсер алады.