Шығармашылыққа жақын жанның жары болсаңыз....

Шығармашылыққа жақын жанның жары болсаңыз....
Фото: medaboutme.ru

Назарларыңызға әзіл-шыны аралас, ерекше мақаланы ұсынамыз. Оқып бір күліп алыңыз. Егер шығармашылыққа жақын болсаңыз, осындай еркеліктерге жол беріп жүрсеңіз, оны да сараптап, қателігіңізбен күресіңіз. Өйткені, әлемде шығармашылықтан артық отбасы деген ұғым бар.

Егер сүйікті жарыңыз шығармашылықтың адамы болса, мына мақаланы оқитыныңызға күмәнмен қараймын немесе дәл қазір тақырыбын оқып алып жылап алдыңыз. Егер әйеліңіз шығармашылыққа жақын болса, мына кеңестерге құлақ асып, инфаркт ауруының алдын алыңыз.

Шығармашылыққа жақын әйел адамның жан-дүниесі мәңгі бала болып қалатынын естен шығармаңыз. Ол миллион қаражат тауып, отбасын асырап, биік өкшелі аяқ киіммен күндіз-түні жүруі мүмкін. Бірақ, ол әйел адамның ішінде «мені қолыңа алшы» деп еркелеп отырған кішкентай қыз бала барын ұмытпаңыз. Оның көңіл-күйі құбылмалы. Түкке тұрғысыз нәрсеге бола жылап жіберуге дайын.

Егер жарыңыздың жанында оянуды армандасаңыз, онымен қош айтыса беріңіз. Жарыңыздың шабытына сіздің қай уақытта ұйқыдан тұратыныңыз, сізге жұмыс па немесе жоспарларыңыздың бары маңызды емес. Оның шабыты қашан қаласа, сол уақытта келеді. Шабыт – қансорғыштар секілді. Күндізгі жарықтан қорқады, сол себепті түнде жұмыс істегенді жөн санайды. Егер сіз дым сезбестен ұйықтайтын болсаңыз, сіздің жолыңыз болған екен. Өйткені, жазушы әйеліңіз терген батырманың дыбысын естімейсіз.

Шығармашылыққа жақын әйел адамның жан дүниесі өте әлсіз. Ол арманмен, қиялмен өмір сүреді. Аяуды білмейтін шынайы өмірмен соқтығысқан кезде олардың қабылдау жүйелері істен шығады: Оны метрода адамдар қағып өтті. Оған тіркеу бөлімінде адамдар дауыс көтерді. Ол ендігі көшеге шықпайтын болып шешті.

Әрбір шығармашылыққа жақын әйел адамның ішінде флегматик адам отырған шығар. Холерик те кездеседі. Олардың ішінде өмірі күйзелістен арылмайтын немесе өмірі езуінен күлкі кетпейтін адамдардың жаны өмір сүретіндей. Бірнеше минут бұрын жылап отырған әйел адам қазір бар дауысымен күліп жаса, таң қалмаңыз.

Шығармашылыққа жақын жанды жарыңыз етіп таңдаған өзіңіз екенін де ұмытпаңыз. Оны сіз ханшайымыңыз ретінде көріңіз. Өйткені, сізді ол ақбоз атты ханзадасына теңеп алған болатын. Жарыңызды иллюзиялар әлемінен шынайы өмірге байқатпай әкеліңіз. Егер ол әртіс болса, онымен бірге жаттығыңыз. Суретші болса, нашар болса да ол айтқан галстукті тағыңыз. Жазушы болса, «ң» мен «н» әріптерін дұрыс жазыңыз. Ол сіздің әлеміңізге қарай қалай жол жүріп келе жатқанын аңғармай қалады.

Шығармашылық адамдарға эмоция маңызды. Еркелік үшін емес, жұмысы үшін керек. Болмашы нәрсеге бола жанжал шығып жатса, ертесі-ақ ол сізді еркелетіп, кешіріп, бетіңізден сүйіп алады.

Шығармашылық салада қызмет ететін адамдардың ызасына тиетін «ақымақ» адамдардың барын түсіну керек: ақымақ тапсырыс беруші, ақымақ продюсер, ақымақ редактор. Ойлап қараңызшы, сіздің жап-жарық күніңіздің жанына әлемдегі ақымақ адамдардың барлығы жиналып алған. Мұндай сәтте жарыңызға «Сенің де кінәң бар» деуден абай болыңыз. Сіздің сүйіктіңіз ешқашан қателеспейді. Жай ғана, айналасындағы адамдар ақымақ.

Есесіне ешқашан ішіңіз пыспайды.

Т. Есқали