Ерлердің сөйлеу ережесі

Ерлердің сөйлеу ережесі
Фото: talent-management.com.ua

Тілдік бірлік, соның ішінде әлеуметтік қарым-қатынас тіліне келген кезде ер мен әйелдер тілі гендрлік жағынан бөлінеді. Яғни екеуі де табиғаттарына қарай сөйлеу тілін пайдаланады. Әйелдер жаман сөздерден аулақ болуға тырысса, ерлер жағы эмоциясын шығару үшін бұл әрекетті керісінше жасайды. Дегенмен олардың сөйлеу тіліне сай ережелер де бар. 

1. Досыңызды ұстанып тұрған бағыты және айтып тұрған әңгімесі қате болса, оған көзіңіз жетіп тұрса, қарсы сөйлеудің қажеті жоқ. Шама келсе түсіндіріңіз, көнбесе ерегеске барудың қажеті жоқ. Бұл жағдайдан барынша екі жақты ренжітпей шығып кетіңіз, тақырыпты басқа арнаға бұрыңыз. 

2. Саясат туралы дау басталса, бір жақты пікірді ұстанбаңыз. Бәлкім сіздікі дұрыс та шығар, дегенмен саясат құбылады. Ал бұл құбылыстан қалып қойсаңыз, өзіңізге, абыройыңызға нұқсан келеді. Сондықтан жан-жақта тарапты тыңдап, соңында қорытынды жасауға тырысыңыз. Оның өзінде дәлел жоқ болса, ойыңызды бөліспеңіз. 

3. Сөйлеп тұрған адам айдан не күннен, жерден жаңылып тұрса оған түзету енгізудің қажеті жоқ. Сөзін аяқтаған соң барып қана жалғастырыңыз және сөз арасында оның қателігін жеткізіп беріңіз және осындай жағдайды сіз де қайталамаңыз. Себебі айтылған нәрсені барында емес, жан-жақтан асыра сілтеп айту – ақымақтық. Ең ақыры сүйкіміңіз кетеді. 

4. Сөйлеуші ұзақ сөйлеп кетсе, оған мәдениетсіздік танытуға болмайды. Мәселен ол сізге сөйлеп отыр, сіз кітап бетін ақтарып, сағатыңызға қайта-қайта қарап отырсыз. Бұл этикетке жатпайтынын ұмытпаңыз. 

5. Дауыс ырғағын көтеріп сөйлеп, өзгелерден ерекшеленудің қажеті жоқ. Сіз ең алдымен қарапайым болыңыз. Олардан асып бара жатқан ештеңеңіз жоқ. Дегенмен қалып қоюға да болмайды. Қазақтың «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» дейтін сөзі осы жерге дөп айтылса керек. 

6. Өзіңізге барлық назарды аудартуға тырыспаңыз. Қыздар арасында бұл қалыпты жағдай болғанымен, ерлер үшін бұл абырой алып келмейді. Сіздің мақтанғаныңыздан гөрі сізді мақтағаны және сізге өздерінің бұрылып назар салғыны, әңгімеңізге ере алғаны жөн. 

7. Ешқашан екі адамның әңгімесіне құлақ түрмеңіз. Мейлі ол ер мен ер, әйел мен ер болсын тыңшылық жасамаңыз. 

8. Жасы келген кісі немесе көпті көрген адам бір әңгімесін екі-үш рет қайталап айтқан болса, оны тағы да айтып отырса «айттыңыз, естідік» деп бөлудің қажеті жоқ. Жалықпай тыңдаңыз. Себебі ол адамның әңгіме айтуға деген ниетін құртып аласыз. Ұмытпаңыз, көпті көрген адам көп әңгіменің ауылын айналдырып әкелсе де, арасында тың әрі есіне түскен пайдалы ақпарат беруі ғажап емес. 

9. Өсектен аулақ болыңыз, бұл ерлердің ісі емес. 

М. Ақан