3 сұрақ

3 сұрақ
Фото: delovoymir.biz

Блогер Николас Коул өзінің жетістікке жету жолын сайттарда жиі жазады. Оның өміріндегі өзгерістер анау айтқандай үлкен болмаса да, ол өз дегеніне жете білді. Сонысымен көп адамнан ерекшеленеді. Оның кейбір сайт беттерінде жарық көрген кеңестерін назарларыңызға ұсынамыз.

Біз кейде шынайы мүмкіндік туралы ұмытып алдымызға мақсат қоямыз. Оған қалай қол жеткізу керектігін білмесек те, оны алуға ұмтыламыз. Кейде орындай алмайтынымызды білместен, уәде де береміз. Өзіміздің жоспарымыз туралы айтамыз, бірақ әрекет болмайды. Армандар арман күйінде қалып қояды.

Енді алдыңызға мақсат белгілеңіз де, мына үш негізгі сұрақты өзіңізге қойыңыз:

1. Бұл мақсатқа жету үшін күніне неше сағатыңызды сарп етесіз?
2. Мен қазір бұған қанша уақытымды бөле аламын әрі ол жеткілікті ме?
3. Егер жетіспесе, белгілі бір дағдылардан арылып, оған уақытымды арнауға дайынмын ба?

Николас Коул өзінің өміріндегі мынандай мысалмен бөлісті:
«Бала кезімде World of Warcraft ойынын кәсіби түрде меңгергім келді.
1. Мақсатыма қол жеткізу үшін маған күніне кемінде үш сағат керек еді.
2. Мен жоғары сынып оқушысы едім. Сағат 8.00 мен 15.00 аралығында мектепке бардым. Саған 15:30 бен 16:30 аралығында пианино сабағына қатыстым. 17:00-18:30 аралығында отбасымызбен тамақтанып кешкі тоғызға дейін үй жұмысын жасайтынмын. Ал, сағат 22:00-де ұйқыға жатуым керек.  
3. Уақытымның жетіспеуіне байланысты әрі арманым үшін мен ұйқымды құрбандыққа шалдым. Түні бойы World of Warcraft ойнауды әдетке айналдырдым.

Осылайша 17 жасымда Солтүстік Амеркадағы жоғарғы рейтингке ие ойыншылардың қатарына ендім.»

Сөзіңізді далаға тастамаңыз. Бір нәрсеге қол жеткізгіңіз келсе, уақытыңызды аямаңыз. Күн сайын сол іспен айналысыңыз. 

Т. Есқали