Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Ресми түскі асты қалай ішу керек?

Ресми түскі асты қалай ішу керек?

Ресми түскі асты қалай ішу керек?

Ресми түскі ас – бұл кәсіпкер не басқа да қызметкер үшін ең маңызды кездесу және әңгімелесудің бір түрі. Белгілі тұлға не тұтынушымен арада болған түскі ас кезінде айтылған әңгіме үлкен істердің бастамасы бола алады. Тіпті арада достық қарым-қатынас орнатуға да таптырмас мүмкіндік. Бірақ ол түскі астың ерекшелігі неде?

Ресми түскі ас кезіндегі ең маңыздысы – мақсат. 
Ресми түскі ас кезіндегі бірінші орынға шығатын құндылық тамақ емес, өзара келісім мен шарттар болуы керек. Мұны естен шығармаңыз. Бірақ тәбет тартып тұрса, әрине, астан бас тартпау керек. Себебі екі жағдайды де қатар алып жүру керек. Ресми түскі ас кезіндегі кездесу жұмыс кабинетінде отырып сөйлескеннен өзгеше. Себебі мұнда сіз еркін әрі емен-жарқын әңгіме айта аласыз. 

Екіншіден, сіз тұтынушыға ұнауыңыз керек.
Тұтынушыны бірден құжатқа қатысты сөзге тартпаңыз. Алдымен тәбетін ашсын, тамақтансын. Үйде дастархан басында отырғандай әңгімені алыстан айналдырып алып келіңіз. Бірден шап беру кәсіпкердің қағидасына жатпайды. 

Тұтынушы уақыт пен баратын жерді өзі белгілесін. 
Тұтынушыға сіз уақыт пен баратын жердің мекенжайын ұсынып көріңіз. Ал ол таңдасын. Ал, таңдауға арзан әрі шулы жерді ұсынбаңыз. Барынша орташа бағадағы әрі тыныш жерді таңдаңыз. Тұтынушы өзін еркін әрі ыңғайлы сезінуін қамтамасыз етіңіз. 

Асты асықпай ішіңіз. 
Асты тез-тез ішіп қойсаңыз, әңгімеге қалатын уақыт та азаюы мүмкін. Сондықтан мөлшермен есептеп, асықпай-аптықпай тамақтаныңыз. Әрі асты ішу арқылы ресми әңгімені де қатар алып отырыңыз. 

1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: 4geo.ru
Қосылған күні: 21 тамыз 2017, 16:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.