Жақсы өмір сүргіңіз келсе...

Жақсы өмір сүргіңіз келсе...
Фото: tavanbakhshco.com

Жақсы өмір сүру үшін қажеттілік керек. Ол қажеттіліктер ақша, көлік, үй, демалу, шет елге шығу, жақсы киіну деген секілді түрлі бөліктен тұрады. Ал бұлардың бәріне қол жеткізе отырып жақсы өмір сүру үшін не істеу керек? Мәселен біреуі бар, біреуі жоқ жағдай болса ше? Бүгін сіздерге мотивация сабақтарының бірінші бөлігін ұсынамыз. Ондағы үш ерекшелікке мән беріңіз.

Ең бірінші демала біліңіз. Адам баласы өмір бойына жұмыс жасайды. Бұл – өзгермейтін тұрақтылық. Байып кеткен адамдардың өзі жұмыс жасайды. Өйткені байыған сайын баю әдетке айналған үрдіс. Бірақ ең үлкен қателік біз демалу дейтін ұғымды дұрыс қабылдай алмаймыз. Айына табатын жалақыңыздың 20 пайызын болсын демалысқа арнаңыз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Себебі ақша далаға кетіп жатқан жоқ, сіздің ләззатыңыз бен жан дүниеңіздің тыныштығы үшін кетіп жатыр.

Жақсы киініңіз. Сыртқы ортамен тікелей байланысқа түсу үшін, өміріңіздің жарқын жағын сезінгіңіз келсе киініп үйреніңіз. Арзанға алдым деп алданбаңыз. Ең бастысы сапасы мен киімнің сәйкес келуі маңызды. Ал қымбатын аламын десеңіз, ұзағынан кию үшін жақсы дүниелерге таңдау түссін. «Ағаш көркі– жапырақ, адам көркі – шүберек».

Аз ұйықтап, көп жұмыс жасаңыз. Адам күніне 8 сағат ұйықтау керек деген нақты бір қатып қалған теория емес. Әрине денсаулық үшін маңызды екені анық. Бірақ ең биік тұрған президенттер 3-4 сағат қана ұйықтап, ел үшін еңбек етеді. Ал сіз қарапайым өз жұмысыңызға баруға 8 сағат ұйықтап тұрып, уақыт бөле алмасаңыз ешқандай нәтиже күтпеңіз. Ең белсенді кәсіпкерлердің де ұйқыға жіберетін уақыты 4-5 сағат. Бірақ тұрақты ұйқы бар. Олар көп ойлана отырып, көп жұмыс жасайды. Бұл бір ғана емес, бірнеше жұмысты істеп үлгеруге көмектеседі. Бірнеше жұмыс дегеніңіз бірнеше ақша табуға болатын жұмыс орындары. Ал қажеттілікті жасайтын ақша екенін ескерсек, ұйқы сіздің жауыңыз.

М. Ақан