Іскер адам болудың 7 тәсілі

Іскер адам болудың 7 тәсілі
Фото: Вконтакте

Іскер адам болу кез келген адамның қолынан келетін нәрсе емес. Себебі оның өз ауыртпалығы мен жауапкершілі бар. Бірақ біз ұсынып отырған 7 тәсіл сізге көмектеседі. 

Сәтті сәттерді көп күтпеңіз

Егер сіз сәті келетін сәтті ұзақ күтіп жүрген болсаңыз, ешқандай да іскер адам бола алмайсыз. Бұл жағдай тіпті сізге кез келген уақытта кедергі жасайды. Не уақытыңыз жетпейді, не нарықтағы баға құлайды, не үлкен бәсекелестікке тап боласыз. Шынайы өмірде жағдайы жақсы жағдаяттар болмайды. Бәрі біз өз қолымыздан жасаймыз. Қателік өткен жылы кеткен болса, биыл сізге ол сабақ болу керек.

Істің адамы болыңыз

Ойлауға емес, жұмыс істеуге көп күш жұмсаңыз. Спортпен айналысқыңыз келе ме? Бастықты орнына қойып тастағыңыз келе ме? Онда оны бүгін жасаңыз. Ой санада көп қалған сайын оның орындалу аумағы алшақтай береді. Сөздің емес, істің адамы болыңыз.

Есіңізде болсын, ой өзінен-өзі нәтиже әкелмейді

Ой маңызды, бірақ олар құнды дүниенің басы емес. Ойланып жүрген адам көп. Бәрі тек сәтті күндерді күтіп жүр. Сіз бүгін жасаңыз. Сіз олардан бір қадам алдыда жүріңіз. Сіз жұмысқа кіріспейінше еш нәрсе өнбейді.

Үрейді жеңу үшін үнемі жұмыспен айналысыңыз

Байқайсыз ба, кез келген ең білікті деген шешендер, бастықтар, ғалымдар сөз сөйлер алдында үрейленеді. Себебі олар осы жолы менің шалыс басатын сәтім деп ойлайды. Ал бұл ой міндетті түрде адамның қателесуіне алып келеді. Сондықтан сіз бұл үрейді жеңу үшін іске көшіңіз. Сөйлеу керек пе, сөйлеңіз.

Шығармашылық қабілетіңізді шартты түрде іске қосыңыз

Кез келген уақытта шығармашылық қабілетті пайдаланыңыз. Ол сізде дайын жүрсін. Қазір жазғыңыз келіп тұрса, сурет салғыңыз келіп тұрса, бірден бастаңыз. Ләззат алатын сәтті күтудің қажеті жоқ. Бастап кетіңіз. Өйткені ой бәрін орнына келтіреді.

Бар дүниемен өмір сүріңіз

Болашақты армандау және ойлау жақсы. Бірақ сіз қазір барсыз, сондықтан қазіргі сәтпен өмір сүріңіз. Ешқандай істі ертеңге қалдырмаңыз. Іскер адам болу үшін әрбір істі ойлану керек және бірден бастау керек. Бүгінмен өмір сүріңіз, ертеңге қадам жасаңыз.

Сөз – істің көлеңкесі

Жалпы адамдар көп сөйлеп, мақтанғанды ұнатады. Біреулер жасайын деп жатырмын, істеймін дейді. Бірақ ол жасалмайды, істелмейді. Сондықтан сіз бірінші болып бастап кетіңіз. Үнсіз ғана іске көшіңіз. Сіз ең соңғы болып мақтаныңыз. Сіз нәтиже бар кезде барып сөйлеңіз.

М. Ақан