Әрбір жігіт білу керек

Әрбір жігіт білу керек
Фото: shalkarfm.kz

Әрбір жігіттің білуі керек заңдылықтары мен ережелері бар. Себебі ол ер адамның қасиетіне және мүддесіне жататын дүниелер. Төмендегі айтылған ережелер мен кеңестерді есте сақтаңыз және орындауға тырысыңыз. Себебі сіз ер адамға лайық іс жасауыңыз керек. 

Егер ең жақын адамыңыз немесе досыңыз полиция бөлімшесіне түсіп қалып сізге қоңырау шалып, көмек сұраса міндетті түрде көмекке ұмтылыңыз! 

Сіздің өміріңізге немесе денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда басыңызды қорғау үшін қарсы ұмтылуға құқыңыз бар! 

Сізге досыңыз туралы немесе оның әйелі, тіпті жүріп жүрген қызы туралы сұрақ қойылса, «білмеймін» деп жауап беруге құқыңыз бар. Дәл солай жауап беруге тырысыңыз! 

Қолыңыздан келмесе, балаға ешқашан уәде бермеңіз! (Әкелік парыз ретінде) 

Досыңыз түнгі он екіге дейін зор өтінішпен кейбір мәселелерге байланысты көлігіңізді сұраса, бас тартпаңыз.

Болашақ жарыңыздың құрбылары ертіп келген жігіттердің алдында сүйкімді көрініп немесе достық көңілдегі мінезді көрсетуге міндетті емессіз! 

Сатушымен, даяшы, тіпті кез келген қызмет көрсетушімен сөзге келмеңіз, бастығын шақырып қана сөйлесеңіз. 

Сіз жүріп жүрген қыздан немесе үйленген әйеліңізден оның өткен өміріндегі жігіттері жайлы сұрауға міндетті емессіз және сұраудың қажеті жоқ. Мүлде! 

Досыңызға немесе жақыныңызға оның мүмкіндігі болмай қалған жағдайда бірінші болып хабарласаңыз. Бұл азаматтық парыз. 

Егер жұмыс барысы өз деңгейінде болса, сол дәрежеге сай ақша талап етіңіз. 

Егер танысқан адамыңызды жоғалтып алсаңыз, алғаш таныстық басталған жерге барыңыз, бірінші болып іздеңіз. 

Достарыңызды немесе жақындарыңызды тіпті іскерлік ас кезінде болсын, мейрамханаға шақырсаңыз, ақша мәселесін көтермеңіз, төлеңіз! 

Есіңізде болсын, әжетханада немесе жуынатын жерде досыңыздың, тіпті жақыныңыздың қолын алып амандаспаңыз. 

Оқталмаған мылтықтың өзін адамға қаратпаңыз! 

Егер өзіңізді жағымсыз сезініп жүрсеңіз костюм киіңіз. Белдік пен аяқ киімнің түсі бірдей болсын. 

Сізге аяқ астынан қалжың түрінде болса да «қолыңыздағы бомба ма» деп басшылық сұрақ қойса, шынайы және қалжыңсыз жауап беріңіз. 

Жасанды дүниеге құмартпаңыз! 

Романтикалық дастархан басында он бес минут ішінде екі жақтан үнсіздік орын алса, сіз өзіңізді ақымақ адам қатарына қоса беріңіз. Өйткені сіз бірінші болуыңыз керек. 

Досыңыздан, жақыныңыздан қарызға ақша алсаңыз да санап алыңыз.

Досыңызға оның қызының көзінше «қашан үйленесің?» деген сұрақ қоймаңыз, мүлде! 

Егер сізге ит жүгіріп жатса, қарсы шабуыл жасаудың қажеті жоқ, жерден тас алып жатқан секілді көрініс қана жасаңыз. 

Екі ер адамның бірге барып киім алуы – қателік. Себебі талғам бәрібір бірдей болады. 

Қоғамдық көлікте ұялы телефонмен бір минуттан артық сөйлеспеңіз. 

Қызыңызды немесе әйеліңізді таксиге отырғызған кезде көліктің нөмірін жаттап алыңыз. 

М. Ақан