Көнбесе «тентектік» жасаңыз

Көнбесе «тентектік» жасаңыз
Фото: www.kazakhfilmstudios.kz

Қыз баласы – табиғатынан нәзік келетін, тіршілікке көрік беретін жан. Оның сезімталдығы, еркелігі, жан дүниесі талай ақынның жырына, талай әншінің әніне арқау болды. «Қыздың жүрегі – құлағы...» деген сөз біртүрлі естілуі де мүмкін. Бірақ бұл – ақиқат. Алайда сөздің астарына барған дұрыс. 

Қыздың көңілін табу үшін...

Алдамшы сезімнің емес, тұрақтылықтың иесі болсаңыз, сүйгеніңізге соңына дейін барыңыз. Оның көңілін табу үшін қандай жағдай болмасын, әрекеттеніңіз. Ең бірінші жақсы сөз айтыңыз. Адамның, оның ішінде қыздың көңілі тым нәзік. Сызат түсірмеуге тырысыңыз. Ал нәзіктіктің кілтін тапсаңыз, сүйген адамыңыз сіздің мәңгілік серігіңіз болмақ.

Күлдіріңіз

Алғашқы кездесу кезінде қызды күлдіруге тырысыңыз. Орынсыз күлкі емес, жай ғана жымиып күлсе жеткілікті. Сіздің әңгімеңіз де, оның көңілі де орнында екеніне көз жеткізіңіз. Күлкі көп сұрақтың жауабы бола алады. Күлдіру үшін әзіл ойлап табу міндетті емес. Тек аяқ асты ойламаған сөз табыңыз немесе естеліктеріңізден айта отырыңыз. Бірақ зеріктіріп алмаңыз.

Еркелетіңіз 

Еркелік қызға ғана тән құбылыс. Кездесе салып еркелетудің де қажеті жоқ болар. Бірақ жылы сөйлеуге, оның сезімін оятуға тырсамын десеңіз еркелетуге болады. Есімін естіртіп айтпай, еркелетіп атасаңыз, тіпті жақсы. Бұл қызға әсер етуші тағы бір фактор. Бірақ тым ерсі де болмасын. Ал бәрі жақсы жағына айналып жатса, күнделікті еркелетуге көшіңіз. 

Көнбесе «тентектік» жасаңыз

«Тентектік» деп отырғанымыз, қыз алғашқы күні кездесуден немесе сөйлесуден бас тартса, есігінің алдына ескертусіз барыңыз. Оған хабарласып, есік алдында тұрғаныңызды айтыңыз. Таңның атысы кештің батысы халін біліп тұрыңыз, мейлі хат жазып болсын. Сіз бұлай қызға алаңдаушылық танытатын әрі оны ғана жақсы көретініңізді білдіресіз. Бірақ жиі мазасын ала беру жалықтыруы да мүмкін. Сондықтан бәрін орнымен жасаңыз. Қызды қуанту үшін, таңғалдыру үшін ойыңызға келіп тұрған жақсы идея болса тұрмаңыз, жасаңыз. Сүйетініңізді көрсетіңіз. 

Құлағына жеткен сөз жүрегіне де жетсін

Қызға әсер ететін ең ұлы дүние – сөз. Бірақ ол серттің сөзі болу керек. Олардың тез алданып, сеніп қалатыны да содан. Жүрегінен бұрын құлағына әмір беретін нәзік жандылардың жанына майдай жағатын сөз сіздің бағыңызды ашады. Дегенмен айтылған сөзге лайық болыңыз. Өйткені сенім құлақпен өлшенбейді. Айтқан сөзіңіз махаббаттың оғы секілді құлақтан жүрекке жетуі керек. Ал жүрек махаббаттың ең әлсіз тұсы. 

Сүйесіз бе, тұрмаңыз! 

М. Ақан