Жалқаусыз ба?

Жалқаусыз ба?
Фото: Armed Ingenuity

Көпшілік ойлаған ісін бастай алмай отырады. Бұған бірнеше себеп бар. Солардың бірі – еріншектік. Бір қызығы мұның ешқашан шегі болмайды. Көп жағдайда бүгін істелуі керек нәрсе өте кеш орындалады. Кей жағдайда орындалуы тіпті бұйырмай кетеді. Осылайша өзімізді бір, өзгені екі сан соқтырып, өкінеміз. 

Жақсылықпен көндіру. Орындалатын іс әлбетте біздің пайдамызға жарап, өмірімізді аздап болса да жақсы жаққа өзгертеді. Сондықтан ойша іс істелгеннен кейін келетін жақсылықтар мен жайлылықты миыңызда айналдырып, ойланыңыз. "Бұл істі жасасам, біреуге көмегім тиер, өзгелер маған рақмет айтады, жұмысымды қазір істеп тастатам, мына адамды қуанта аламын, өзім де үйренемін, жетістікке жетемін" деген секілді позитивке толы нәрселерді ойлап, өзіңізге мотивация беруге талпыныңыз және келетін жақсылықтың әрбір деталіне назар аударып ойланыңыз.

Жай сөзге түсінбейтін, "қыңыр" адам болсаңыз, онда сізбен басқаша сөйлесуге тура келеді. Еріншектігіңіз иығыңызға әбден мініп, басынып, "кетем" демесе, негатив арқылы жігерленуге тырысу керек.

Бұл көмектеспесе... Онда сізбен тіптен басқаша сөйлесу керек. Ондай жағдайда көмектесетін ең жақсы әдіс – дәл қазір істеп тастау. Иә, бір секунд та іркілмей, ойланбай, "бес минут жата тұрайыншы" дегенді ысырып, тұрып, істеу керек! Алдыңғы тәсіл көмектеспесе, ең дұрысы осы. 100 пайыз іске асады.

Г. Берік