Жетістіктер тарихы: өз ізіңді қалай қалдыруға болады?

Жетістіктер тарихы: өз ізіңді қалай қалдыруға болады?
Фото: win.blogadda.com

Біз сылтау ойлап табуды жақсы көреміз. Бірақ жетістікке жету үшін және өмірде маңызды іс атқарып, артыңда із қалдыру үшін керемет жағдай жасалуын күту міндет емес. Бастысы, еш ақталусыз тарихта есімін алтын әріптермен қалдырған адамдар секілді арманға сеніп, өз қалауыңмен мақсатыңа жету.

«Байқап көрдім, бірақ болмады»

Майкл Джордан 

Мектепте Джорданды икемі жоқ деп бапкер баскетбол командасына алмады. Бірақ Майкл оған тауы шағылмай, құлшыныспен жаттыға бастады. Баскетболшының кейінгі жолы да күрделі болды. 

Джордан өз мансабында 9 000 рет жаңылысып, 300 ойында жеңіліс тапқан. Алайда дәл осындай тәжірибе оның жеңімпаз болып және тарихта аты қаларлықтай әлемнің ең табысты көп табатын баскетболшысы болуға өз септігін тигізді. 

«Менің лайықты білімім жоқ» 

Квентин Тарантино 

«Оскарды» екі мәрте ұтқан және сондай көптеген абыройлы жүлделерді қанжығасына байлаған режиссер ешқандай киноакадемияда оқымаған, тіпті мектепте де жарқырап көрінбеген. Бірақ 15 жасында бірнеше фильмді қараған кинотеатрға жұмысқа орналасып, белін бекем буып, өз мансабында кино түсіруге кіріседі. Көріп-білгеніміздей, ол оған қол жеткізді. 

«Менің ақшам жоқ» 

Рэй Брэдбери 

Әлем оқырмандарының арасында үлкен танымалдылыққа ие «Марсиандық күнделіктер» («Марсианские хроники»), «Фарангейт бойынша 451 градус» («451 градус по Фаренгейту») және «Бақбақ шарабы» («Вино из одуванчиков») шығармаларының авторы Рэй Брэдбери сүйікті мамандығы бойынша білім ала алмаған. Оған себеп – колледждегі оқу үшін төлейтін қаражатының болмауы. Бірақ Рэй күн сайын кітапханаға барып отырған. Сол жерде ол жазуды һәм оқуды үйренген. 

«Мен тым жаспын» 

Вольфганг Амадей Моцарт 

Үш жасар Моцарт туған әпкесінің музыкалық пернелі аспапта ойнағанын тыңдай отырып, одан тараған үннен толыққанды әуен құрастыруға талпынған. Небәрі он жасында Моцарт алғашқы симфониясын дүниеге әкеледі, ал тұңғыш операсын 12 жасында жазып шығады. 

Қандай да бір істі бастау жасқа, жағдайға, білімге қарамайды. Маңыздысы – талабыңызға тілегіңіз сай болсын! Бірден биікті бағындырам демеңіз. Тау биік болғанмен, сіз әуелі тауға шығу үшін етегіне шығасыз. Сол секілді, үлкен биікке жету үшін кішкене биіктерді бағындыруға тура келеді. 

Ж. Жұмағұлов