Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Кеңесті ұнатпайтын жандарға 7 кеңес

Кеңесті ұнатпайтын жандарға 7 кеңес

Кеңесті ұнатпайтын жандарға 7 кеңес

Біздің өміріміз белгілі бір заңдылықтарға құрылған. Бірақ кей адамдар осы заңдылықтарға бағынғысы келмейді. Оларға өзгелердің де кеңесі ұнай бермейді, оларға біз мынадай кеңес бере аламыз. Ешқашан ойға келмеген тың идеяларды ойлап көріңіз, оның жүзеге асуын да қадағалаңыз, ойыңызды шындыққа айналдырыңыз.

1. Жұмысты бағындыру

Біреулер таңнан кешке дейін отырып жұмыс жасайды, біреулері пернетақта алдында ұйықтап кетеді, енді бірі жұмыс уақытының 99%-ын бос уақытпен өткізеді де, соңғы 1%-ында бір күндік тірлігін бітіріп тастайды. Кей адамдар жұмыс уақытын белгілі бір кестемен өткізсе, кейбірі бар тірлігін таймермен есептейді. Сіз де өз жұмысыңызды өзіңізге икемдеп алыңыз, ересек адам қалай және қандай жұмыс жасайтынын өзі шешеді.

2. Өзгеріс

Тың идеяға кедергі болатын не? Сәтсіздік. Көліктер жанармаймен жүреді, ал шығармашылық адамдары өзінің жасаған туындысынан күш алады. Егер сіз алты айдан астам уақыт жұмыс жасап жүріп, бір жетістікке жете алмасаңыз, бұл жерде бір қателік бар. Өрлеуге кедергі болатын дүниелерден арыла алмай жүрсеңіз, күйбең тірлікке өзгеріс енгізу керек.

3. Смартфоннан алшақтау

Заманауи технологияларды білген ғанибет. Бірақ олардың жалқаулыққа күш беретінін білесіз бе? Смартфон сіздің идеяңызды құртады. Қалай дейсіз бе? Біріншіден, алтын уақытыңыз ұрланады. Екіншіден, жадыңыздағы құнды деректер ғайып бола бастайды. Сіз оның емес, ол сіздің құлыңыз болуы керек. Демек, өз-өзіңізді төмендетпеңіз.

4. Кемшілік іздеу

Әдетте маркетологтар брендтің артықшылығын ең бірінші орынға қояды. Ал сіз көп нәрседен кемшілік іздеп көріңізші. Яғни, барлық заттың көлеңкелі тұсы болатын не болмайтынына көз жеткізе біліңіз. Опық жеп, сан соғып қалудан бұрын осылай алдын алған абзал. Сол сәтте өзге адамдардан «Айттым ғой, алмай-ақ қой осыны деп» деген сындарды естімейсіз.

5. Хобби және жұмыс

Режиссёр болыңыз, қолыңызға қалам алып, жазушы болыңыз, бояу мен кенеп алып, суретші болыңыз, әйтеуір сүйікті ісіңіз жаныңыздан табылсын. Хобби жұмыс жасау барысын үдете алады, кейде керісінше нәтиже беруі әбден мүмкін. Өз-өзіңізді басқара аласыз ба?

6. Шындыққа сай болуы

Медицина бар да, пластикалық хирургия бар. Соңғысы шындықты өзгерте алады. Яғни, бет-ажарды өзгерте алады. Сонда шындықтың қандай қажеті бар? Демек, қиялдың емес, шындықтың сөзін сөйлеңіз. Қиял керек, бірақ шындық басым. Себебі, дәл қазір сіздің жаныңызда перизаттар ұшып жүрген жоқ. Өмірге тура көзбен қарай біліңіз.

7. Ештеңе білмеу

Көпшілігіміз ештеңе білмесек те, ақылдының кейпіне еніп, өзімізді зияткер етіп көрсеткіміз келеді. Егер өреңіз алдыңыздағы адамдардан төмен екенін білсеңіз, тек тыңдап отырыңыз. Алдыңғы кеңестің бұл жерде салмағы басым. Яғни, шындық керек. Тыңдап шешен болыңыз.  

Назар аударыңыз. Бұл айтылған кеңестер ақылсынған адамдарды және олардың кеңестерін ұнатпайтын жандарға арналған. Егер сырт көз сізге сын айтып жатса, демек шынымен солай болғаны. Бұл кеңестер сізге сол «ақылсынған адамдардың»кеңестері айтылмас бұрын беріліп отыр.

1-кеңеспен «Жұмыста түк бітірмейсің» деген сынның алдын алыңыз.

2-кеңеспен «Баяғы жартас бір жартас» деп басталатын сөздің алдын ораңыз.

«Таста телефонды!» деген бұйрықты 3-кеңеспен жеңе аласыз.

4-кеңестің салдары мен себебі жазылды.

Ал 5-кеңес «Басқа да тірліктермен айналысып, өзіңе мән берсеңші» деген сөздерден қалқалай алады.

6-кеңес. «Қиял патшалығынан қашан келесің?» деген әзілден сақтайды.

Ал соңғысы «Бос әрі көп сөйлейсің» деген пікірден құтқарады.

Фото: Жақсыген Нұрсұлтан
Қосылған күні: 07 маусым 2016, 12:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->