Сыйлықты қалай таңдау керек? Тест

Сыйлықты қалай таңдау керек? Тест
Фото: amur.kz

Бұл тест арқылы өзіңізді де, досыңызды да жақын танисыз. Берілген тапсырмалардан ұқсас жауаптарды белгілеп отырып, кесте бойынша сәйкестендіріңіз. Қай бағанның жауабы көбірек сәйкес келсе, сол бағанның анықтамасын оқып, өзіңізді не досыңызды таба аласыз. Ол сіздің анаңыз не бауырыңыз, сүйіктіңіз болуы мүмкін. Аталған типке қарай сыйлықты да таңдай аласыз. Өте қызықты тест.

1. Құрбыңыз қойылым тамашалағанда неге назар аударады?

А. Киім, декорация, сахнаға

Ә. Музыкалық сүйемелдеуге, әртістердің даусына

Б. Алған әсерін көп айтады

В. Қойылымның сюжетіне

2. Құрбыңыз жеміс таңдап тұрып:

А. Қолына алып, иіскеп, жеп көреді
Ә. Ең әдемісін алуға тырысады
Б. Сатушыдан сұрыптарын сұрап алады
В. Бағасына қарап алады

3. Емтиханға дайындалып жатқанда досыңыз:

А. Мәтінді оқып отырып, сурет, сызба салып есте сақтайды
Ә. Дәрістерді диктафонға жазып алып, тыңдап жүреді
Б. Дайындық барысында уақытпен жүреді
В.Өзіне жағдай жасайды: ыңғайлы орын, шоколад пен шай дайындайды

4. Ол жақсы көретін адамдары туралы айтқанда көңіл бөледі:

А. Көркіне: ұсақ детальдарға
Ә. Әсеріне: «оның терісі нәзік», «шашы жібектей»
Б. Түсіністігіне: «ол менің ойымды оқып қояды», «мен оны тез түсінемін»
В. Сөйлегеніне: «ол әдемі сөйлейді», «даусы әдемі»

5.  Балалық шақты еске алғанда досыңыз мына жайтты көп айтады:

А. Ойыншық қонжық, қуыршақ, ойыншық көлік, әжесі пісірген бәліш
Ә. Ертегілер жазылған үнтаспалар
Б. Гүл бейнеленген тұсқағаз, терезеден көрінген табиғат
В. Сабақты тез орындайтын

6. Құрбыңыз мына сындарды көп қолданады:

А. Жағымды, дәмді, жылы, қатты
Ә. Таңғаларлық, әрең естіледі, сыңғырлаған, судырлақ
Б. Әдемі, сазды, жарқын
В. Қонымды, түсінікті, қияли, бірдей

7. Оның жүйкесіне тиеді:

А. Кенеттен шыққан және ащы дыбыстар
Ә. Қатты немесе бәсеңдетілген жарық
Б. Ыстық немесе суық
В. Бір күнге құрылмаған жоспар

8. Ол мейрамханада тамақ таңдап отырып мынаған көңіл бөледі:

А. Мәзірдегі тамақтың суреті
Ә. Тамақтың құрамына
Б. Даяшының ұсынысына
В. Өзі жеп көрген тамақты іздейді

9. Досыңыз көлікті қандай белгілеріне қарап таңдайды?

А. Көліктің салонына
Ә. Түсіне
Б. Бағасына
В. Мотордың дыбысына

10. Ол адамдармен танысқанда мынаған көңіл бөледі:

А. Қолдарына, шашының түсіне, ажарына
Ә. Киім киісіне, шаш үлгісіне, аяқ киіміне, мінезіне
Б. Даусына, сөйлеу ырғағына
В. Қызығушылына, мамандығына, отбасылық жағдайына

11. Досыңыз қалай саяхаттайды?

А. Табиғатқа шығып, суретке түсіреді
Ә. Экскурсияға жетекшімен шығады
Б. Демалысына жоспар құрады
В. Ыңғайлы бөлмесі бар қонақүй іздейді

12. Досыңыз қандай кітап оқиды?

А. Ол кітап оқымайды, аудиожазба тыңдайды
Ә. Дәстүрлі қағаз кітаптарды оқиды
Б. Қандай болғаны маңызды емес, сюжеті тартымды болса болғаны
В. Суреттері көп, мұқабасы әдемі

13. Ол киімді былай таңдайды:

А. Дүкен көрмесінен көргенін алады
Ә. Ғаламтор арқылы сатып алады
Б. Ұзақ таңдайды
В. Жанындағы адаммен кеңесіп алады

14. Ол тамақ жасағанда оның дайын болғанын:

А. Иісіне қарап біледі
Ә. Түріне қарап біледі
Б. Дәміне қарап біледі
В. Уақытына қарап біледі

15. Жұмысқа бара жатып, құрбыңыз мыналарға қарап киінеді:

А. Бастысы – киімдер үйлесіп, түр-тұлғасына сай келсін
Ә. Бастысы – киімдері қозғалғанға ыңғайлы болсын
Б. Қызметіне қарап киінеді
В. Қолына не түссе соны кие салады

Мына кесте бойынша досыңыздың типін анықтаңыз. Егер жауап 100 % сәйкес келмесе, қай жауапқа көбірек ұқсайды, сол белгіні оқыңыз.

Аудиал

Визуал

Кинестетик

Дигитал

10б

10ә

10а

10в

11ә

11а

11в

11б

12а

12в

12ә

12б

13в

13а

13б

13ә

14б

14ә

14а

14в

15в

15а

15ә

15б

 

Аудиал

Бұл типке жататын адамдардың есту, тыңдау қабілеттері ерекше дамыған. Көзімен көрген, ұстап көрген заттардан гөрі естіген ақпараттарды тез жаттайды. Дыбыс олардың жаны десек те болады. Олар табиғатта музыка тыңдағанды жақсы көреді және музыкалық сауаты болады. Белгілі бір аспапқа икемді болады. Оларға сүйікті әндері жазылған диск немесе сүйікті әншісінің әнжинағын, MP3-плеер әперіп немесе караокеге апарсаңыз, сізге алғыстан өзге айтары болмайды. Оған қоса, шытырман оқиғаға толы кітап берсеңіз, қуанары сөзсіз.

Визуал

Бұл типке жататын адамдардың көру қабілеттері өзгеше. Олар көрген ортасын тез жаттайды. Бір жерге бара қалса, адамдардың киім-киісіне, үйдің интерьеріне мән береді. Іш пысса, өз-өзіне ермек табады. Табиғаттың, комикстің суретін салады немесе қиялына ерік береді. Олар –шығармашылықтың, өнердің адамы. Оларға сурет құралдарын, кино көретін үлкен экран, фотоаппарат, видеокамера берсеңіз болады.

Кинестетик

Бұл типке жататын адамдар ерекше сезу қабілетіне ие. Бір әдемі иіспен сол кездегі оқиғалар тез жатталады. Олар ванна қабылдағанды, хош иісті шай ішкенді, ыңғайлылықты жақсы көреді. Өзіне ыңғайсыз киімдерді жек көреді. Ұзақ әңгімеге қарағанда сөйлесушінің қимылына, ым-ишарат амалдарына көңіл бөледі. Сол арқылы тілдесушісінің не ойлағанын біліп отырады. Қозғалғанды, жаңалықты жақсы көреді. Оларға хош иісті майшамдар, сазбалшықтан, қолдан жасалған бұйымдарды сыйлаған дұрыс. Массаж, шаш сәндеу, фитнес залына алып барсаңыз да болады.

Дигитал

Мұндай типке жататын адамдар ойға көп батады. Сандар, пайыздар, белгілерді жақсы көреді. Белгілі бір қағидамен жүргенді қалайды. Бос істерді жек көреді. Ол іске жарайтын сыйлықтарды алғанды ұнатады. Кофе қайнатқыш, электрлі тіс щеткасы, ұялы телефон секілді заттар оның пайдасына жарайды. Технологияны ұнатады. 

Г. Берік